Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға мектеп туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз мектебіне, ұстазына деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды бір - бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту және тақырып бойынша өтілген материалдарды жүйеге түсіру.
Сабақтың әдісі: Ойын технологиялары арқылы оқыта үйрету әдісі, метапәндік әдіс, сұрақ - жауап, өзіндік ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, лексикалық және грамматикалық тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Ә) Оқушылармен ауызекі сөйлесу.
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
Ой - қозғау . Интерактивті тақтадан бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар бейнематериалды көрген соң сабақтың тақырыбын анықтайды.
Анықталған тақырып бойынша екі топқа сабақтың мақсатын айқындау ұсынылады.
Тақырыпты анықтаған соң оқушыларға мектеп сөзіне ассоциация жазу ұсынылады.
III. Жаңа сабақ:
Сөздікпен жұмыс:
білім - знание
оқулық - учебник
сыныптас - одноклассник
Топтық жұмыс.
1 - тапсырма. Ымды білмеген - дымды білмейді ойыны.
Оқушылар бір - біріне мектеп туралы ым - қимыл көрсетеді және шешуін табады.
Бұл тапсырма оқушыларды ойлауға, қиялын қозғауға және сөз тіркестерін дұрыс құрай білуге үйренеді.
Тәуелдік жалғау
Жекеше түрі
I. Менің... ым,... ім,... м
II. Сенің... ың,... ің,... ң
Сіздің... ыңыз,... іңіз,... ңыз,... ңіз
III. Оның... ы,... і,... сы,... сі
2 - тапсырма. Тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғаңдар.
I. Менің сыныптас... оқулық...
II. Сенің
Сіздің
III. Оның
3 - тапсырма. Суреттер бойынша сөйлемдер және сұрақтар құрастырыңдар.
Бұл тапсырма оқушыларды ауызекі сөйлеуге, сұрақ қоя білуге және сұрақтарға жауап бере білуге үйретеді. Келген қонақтың сұрақтарына жауап бере отырып оқушыларда алған білімдерін өмірде қолдана алатынына сенімділік туады.
Сергіту сәті
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір демалып алайық.
3 - тапсырма.
3 - тапсырма оқушылардың ойлау, қиялдау қабілеттерін арттырады.
Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы сұрау. Мектеп туралы қызықты деректер.
1. Әлем мектептерінде пайдаланып жүрген көбейту кестесін Қытайда ойлап тапқан.
2. Мектеп формасы ең бірінші Ұлыбританияда пайда болған.
3. Әлемдегі ең ұзақ сабақ 2003 жылы болған. Биолог мұғалім 54 сағат бойы сабақ өткен.
4. Ең бірінші қазақ мектебін 1864 ж. ағартушы - педагог, жазушы Ыбырай Алтынсарин ашты.
5. Беверли қаласының тұрғыны Фред Батлер 106 жасында мектеп бітіріп, диплом алған.
6. Ең үлкен мектеп Үндістанда. Бұл мектепте 45000 оқушы оқиды. Мұнда 2500 мұғалім, 1000 сынып бар.
7. Ең ескі мектеп - Фес қаласындағы Карауин мұсылман мектебі. Ол 859 жылы салынған.
8. Оқу жылы әлемнің 43 елінде - 1 қаңтарда, 16 елде - 1 наурызда, 122 елде - 1 қыркүйекте басталады.
9. АҚШ туында бейнеленген жұлдызшаларды мектеп оқушысы ойлап тапқан.
Үйге тапсырма.
Тұран - өзіне сенетіндер мен табысқа ұмтылатындар үшін! Бұл Тұран мектеп - лицейінің ұраны.
Сен мектебіңнің ұраны қандай болғанын қалайсың?
Рефлексия. Оқушыларды бағалау.
Әңгімелей аламын.
Сөйлемдер құрастыра аламын.
Сөз тіркестерін құрай білемін.
Мектеп тақырыбында сөздер білемін.
Сабақты аяқтау.
Мектебің мынау классың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың,- деп Мұқағали Мақатаев айтқандай еліміздің білімді, тәрбиелі азаматы болыңыздар! Рақмет!