Мұқағали Мақатаев
Сұраушының сүйген асын кім берер
Барға - ырза,
Жоққа - сабыр, күн көрер.
Өкінемін, өшігемін несіне,
Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Осылай деп ойламағам басында,
Мәз болыппын біреу шашқан шашуға.
Қашан көрем, көрмегенді жасымда?!
Өмір деген осы екен - ау расында.
Тіршілікте не істеседі кім кімге,
Тек өмірім өтпесе екен шерменде.
He жыны бар?!
Бақыт мені көргенде,
Кетеді үркіп, енді жете бергенде.
Түсінбеймін не пәлемнің барлығын,
Қайран басым, қаңғыдың - ау, қаңғыдың
Менің де бір болар шағым болды ғой,
Қайда әкетіп барасың сен, тағдырым?!
Сұраушының сүйген асын кім берсін
Барға - ырза,
Жоққа - сабыр, күн көрсін.
... Ей, бауырым!
Өз дәрежең болмаса,
Бұл жалғанда несіне өмір сүргенсің!?
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2