Геометриялық фигура

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 30 - 7 түріндегі азайту
Сабақтың мақсаты: 30 - 7 түріндегі азайту дағдыларын қалыптастыру. Есеп шығару, ауызша есептеу
қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлауын дамыту. Тазалықты сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, сөзжұмбақ, жемістер.
Сабақтың түрі; жаңа сабақ
Әдісі: ойын, топтық жұмыс, түсіндіру

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2. Сөзжұмбақ шешу
- Осы сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, өмірдегі басты байлықтың не екенін білесіңдер.
1. Ұзындық өлшем бірлігі
2. Дөңгелекті тағы қалай атауға болады?
3. Уақыт бірлігі
4. Бұрыш түрі (сүйір)
5. 13 - 7 айырмасы
6. Математикалық амал
7. Бір нүктеден басталатын шексіз сызық
8. Геометриялық фигура
9. Екі таңбалы сан

II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Кестедегі қосындылардың мәнін табу
2. Сабақты апталықпен байланыстыру.
- Балалар 2 - сыныптар арасында Ауырмайтын жол ізде атты апталық жүріп жатыр. Сондықтан біз бүгінгі сабағымызда гигиена туралы толық мағлұмат аламыз.
Гигиена – грек сөзі. Емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді.

III. Жаңа сабақ
30 - 7=20+(10 - 7)=23(түсіндіру)
Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүруді, таңертең ерте тұру, жаттығулар жасауды айтамыз.
IV. Оқулықпен жұмыс
№1 Ауызша орындау
Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз керек. Тісімізді жуып, қолды сабындап жуу керек.
№2 Ауызша есептеу
50 - 7
70 - 4
90 - 3
100 - 9
Жеміс - жидектерді жуып жеу керек. Тамақты асықпай, шайнап жеу керек.
№3 Тақтамен жұмыс
70 - 5
100 - 4
52+8
43 - 20
Спортпен айналысып, таза жүру аурудан сақтайды.
№4 Есепті оқу, талдау.
Жұмысшы - 10п
Шәкірті -? 3 - еуі кем
Шешуі: 10+(10 - 3)=17
Жауабы: барлығы 17 парта
Адам еңбекке қабілетті болып өссе, дене құрылысы сымбатты болып өседі.
Ойын: Менің сүйікті жемісім
46*4*10=52
32*2*4=30
30*... =40
(Жемістегі дәрумендер туралы түсінік беру)

1. Ол судан қорқады, одан кір қорқады.
2. Денені шынықтырып, денсаулыққа әсер ететін сабақ
3. Тазалық кепілі....
№7 Ойын: Кім жылдам?
13 - 6+7
8+4 - 5
12 -(18 - 9)
11 - 7+9
9+5 - 7
16 -(12 - 7)
Денсаулық туралы мақал - мәтелдерді оқыту

V. Шығармашылық тапсырма
Маймыл – 25 см.
Тотықұс -? 20 см. қысқа
Піл -? 30см артық

VI. Топтық жұмыс
Әр қатар геометриялық фигура таңдайды. Әр фигураның қасиеттерін атайды.
- қысқаша шарты бойынша есеп құрастыру
А=5
в=9
Р=?

VII. Қорытынды
- 1. Әр қатардың жинаған ұпайларын санап, қорытындылау.
2. Үйге тапсырма беру №5
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Ата - ана ел үмітін ақтаймыз.
Тілейміз саулық баршаға,
Денсаулықты сақтаймыз.


Скачать


zharar.kz