Тұманбай Молдағалиев өлеңіАқылгөй ата әр үйде, ақылын айтып сәбигеКүндегісінен биіктеп, күндегісінен кеңи ме

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Ақылгөй ата әр үйде,
ақылын айтып сәбиге
Күндегісінен биіктеп,
күндегісінен кеңи ме?
Жылындап шыққан жас ақын
кезіккен жерде қол жайып,
Жақсылық іздеп жан бота
бата сұрайды, әрине

Батамды берем ботама
от ана жарылқасын деп,
Ойнайды көзім алдында
кешегі дүние жасыл көк,
Оянып алып жүргім кем
асығам үнсіз бір жаққа,
Ойлап бір тұрсам өзімнің
аяғым барда, басым жоқ.

Сондықтан шықпай үйден көп
үй күшіктеніп кетіппін.
Той қопарамын дейтұғын
көңілдің еріп әніне,
Құдайға шүкір, мың шүкір
бірақ нәрсеге жетіппін.

Соған да енді қанағат
солқылдап тұрған көк шыбық,
Еменге кетті айналып
көлеңкесінде көпшілік.
Жетпіске міне келдім – деп
көп айта бермей, Тұманбай,
Аржағыңдағы есіктің
жақсылықтардан етші үміт.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz