Денсаулық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Тақырыбы: Допты 1, 5м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру.
Мақсаты: Балаларды қимыл – қозғалысы арқылы дене бітіміне сай биікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыра білуге баулу. Дене қол бұлшық еттерін шыңдау музыка ырғағына сай үйлесімді қимыл – қозғалыстарын дамыту арқылы допты биіктікке лақтыра білуге үйрету. Бір - біріне деген достық қарым – қатынасқа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, күтпеген сәт, топтық жұмыс, ойындар арқылы қимыл - қозғалыстарды орындау.
Сабаққа қажетті құралдар: үнтаспа, қолдан дайындалған үлкен доп, кіші доптар, қолдан дайындалған сүйретпе аяқ киімдер массажды төсеніштер. майшам, қағаздан жасалған көбелектер.
Пәнаралық байланыс: Математика, ән.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Балалар сап түзеп музыка әуенімен аяқты нық баса жүріп залға кіреді.
Амандасу рәсімі.
2. Психологиялық дайындық:
А) Аяқтың ұшымен жүру, (айлакер түлкі)
Ә) Қолды белге ұстап, аяқтың сыртымен жүру.( маймақ аю)
Б) Қолды алға ұстап бір қалыпты жүгіру(атша шабу)
В) Қолды айқастырып басқа ұстап, тізені кезек - кезек жоғары көтере жүгіру( бұғы орманда жүгіреді)
Г) Қолды басымызға ұстап қос аяқтап секіру( көңілді қояндар)
Д) Жай жүру (демді ішке тарта және шығара жүру)
Хатха - иого Жорыққа дайындық
Дөңгелене малдас құрып отырып, қолымызды қусырамыз, демімізді ішімізге алып шығарамыз.
У - ШУ қолдардың ұшуы
Қолды иектің астына ұстау, шынтақты жоғары көтеру, демді ішке тарту. Шапшаң шынтақты төмен түсіру, демді шығару.
II. Жаңа сабақ: Балалар маршпен жүріп, залды бір айналып келіп бір қатарға тұрады.
Мұғалімнің көрсетуі мен допты 1, 5 м биіктікте керілген жіптің үстінен асыра лақтыру. Лақтыру жаттығулары күшті молайтады және қимыл түрлерін үйлестіре білу қабілеттерін арттырды. Допты жоғары лақтыру және ұстау. Балалар мұғалімге қарама - қарсы 80 - 100см жерде тұрады мұғалім әрқайсысына кезек – кезек доп лақтырып: Ұста ,- дейді. Балалар допты қайтадан мұғалімге лақтырады.
Күтпеген сәт: Үлкен доп балалардың қасына домалап келеді. Мұғалім бұл доптың өзі домалап келгендігін және ғажайып доп екендігін айтады.
Доп туралы таппақ айтады. Көгілдір добым бұл менің,
Домалап қана жөнелдің
Қызыл, жасыл көгілдір.
Әдемісің өзің бір.
Мұғалім допты қолына алып ішінен қызыл және көк түсті кішкентай доптарды алып шығып, балаларға допты көрсету арқылы түсін, пішінін сұрайды.
Осы доптар түсі 3арқылы балалар екі топқа бөлінеді.
1 - Топ Қызыл доп
2 - топ Көк доп
Менің көңілді добым атты жарыс
1. Екі - екіден допты бірінің артынан бірі ұстап жүгіру.
2. Сүйретпе киіп допты карзинаға салу келесі бала допты алып келу.
3. Қырықаяқ ойыны массажды төсеніштерден өтіп межеден айналып келу
Жарысты қорытындылау
III. Релаксация, аутотренинг жаттығулары:
1. Балалар шеңбер құрып қолдарын бірі - бірінің иықтарына қойып, көздерін жұмып баяу әнмен ырғағымен қимыл жасайды.
2. Балалар кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жұмып жатады. Мұғалім балаларды желпіп өтеді, ал балалар жылы желдің лебізі еркелетіп жатқандай сезінеді.
IV Тратак жаттығуы: Жанған майшам Балалар айнала отырып ортадағы жанып тұрған майшамға көз алмай 20 - 25 секунд қарау керек.
V. Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.