Сабаққа мақсатты айқын қою

Скачать

БҚО, Казталов ауданы,
Бостандық ОЖББМ Химия пәнінің мұғалімі
Даулетова Әлия Қапиетқызы

Сабақ сапасын арттырудағы ізденістері
Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп сүйе білмесе онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл салада еңбегі де жеміссіз болмақ – деген ұлы ғалым Д.И.Менделеев.
Химиялық білім басқа да іргелі ғылымдар сияқты тіршілікте өзімізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлеміне ондағы заңдылықтардың қалыптасуына бүтіндей қарап, мәдениетті ойлауды, түсінуді, парасатты болуды мектептен бастайды.Әрбір мұғалімнің мақсаты сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін таным деңгейін көтеру.Ендеше сабақтың өз мәнінде өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Ал мұғалімнің шеберлігі дегеніміз сабақтың түрі мен оны өткізудегі тиімді әдісті таңдай білуі. Тиімді әдісті таңдағанда мына талаптарды үнемі басшылыққа аламын.
1. Теориялық білімнің жоғары дәрежеде болуы.
2. Сабаққа мақсатты айқын қою.
3. Таңдаған оқытудың әдісін жетік білу.
4. Жаңа білімнің өткен тақырыппен байланысы.
5. Оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін ескеру.
6. Сабақтың тәрбиелік мақсатына үнемі көңіл бөлу.


Скачать


zharar.kz