Көз астындағы ұсақ мимикалық әжімдер таң қала беруден шаршамайтын адамның белгісі

Скачать

Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану
Уақыт өте біз, әлбетте, қартаямыз және сол қартаюдың алғашқы белгілері – әжімдер. Терісі құрғақ, арық адамдарға, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі. Көп күле берме, бетіңе әжім түседі дегенді барлық қыз - келіншектер естіген болар. Расымен, мимикалық әжім кейбір адамдарда өте ерте пайда болуы мүмкін. Ол үшін 25 немесе 30 жастан асу міндетті емес.
Психологтардың айтуынша, бетке түскен сызық адамның денсаулығы, мінез - құлқы туралы сыр шерте алады екен. Яғни, әжімге қарап отырып, адам мінезін тануға болады. Олай болса, назар салып көрелік.

Маңдайдағы мимикалық әжім
• Маңдайдағы доғал тәріздес әжімдер адамның ақылды екендігін білдіреді.
• Үзік - үзік көлденең орналасқан әжімдер бір істі аяғына дейін дұрыс жеткізбейтін адамда болады. Оған қоса бұл әжімдер өсекке жақын жандарда да кездесіп жатады.
• Тігінен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз – мінезі ашық, мейірімді жан екендігіне күмәніңіз болмасын.
• Екі қастың ортасындағы доғал тәріздес әжімдер – ұялшақ және өз өзіне сенімсіз адамды білдіреді.
• Кеңсірікке әжім түсуі ісі алға баспай, мазасы кеткен адамға тән болады.
• Ал жалпақ маңдайлы адамның кеңсірігіндегі әжім оның ақылды, діттеген мақсатына жете алатындығын сипаттайды. Онымен қоса бұл — аналитикалық ойлай алудың, жалпы зияткерліктің белгісі.
• Кеңсіріктегі қисық сызық орынсыз қызғаншақтарда кездесіп жатады.
• Алайда, мінезден бұрын қуығы мен бүйрегі ауыратын адамдарға әжім бірден кеңсірікке түсетінін байқауға болады.
• Қастың үстінде шетке қарай орналасып, жоғары бағытталған әжім иесіне сенуге болмайды. Кез - келген жерде жау арасында тастап кетуі мүмкін.
• Бірақ қастың үстінде көлденеңнен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз, оның адал және сенімді адам екендігін біле жүріңіз.

Көз айналасындағы мимикалық әжімдер
• Көз қиығында орналасқан әжімдер есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін және зейін ұшқырлығын білдіреді.
• Олардың бағытталуына байланысты екі адам типін анықтауға болады. Егер әжім жоғары бағытталса, оның иесі — көңілді жайсаң мінезді, төмен бағытталса – сенімсіз, пессемист, мазасыз болғаны.
• Денсаулық тарапынан қарайтын болсақ, көз қиығында орналасқан әжімдер өт пен асқазанның бұзылуы жайында белгі беруі мүмкін. Оған қоса, көзі нашар көретін адамдарда бұл жерге әжім көзін сығырайта бергеннен түсуі мүмкін.
• Көз астындағы ұсақ мимикалық әжімдер таң қала беруден шаршамайтын адамның белгісі.
• Олар тым көп болған жағдайда адамның ағзасында дәрумендер жетіспейтіндігін және ұйқысыздық мазалайтынын аңғару қиын емес.
• Ұсақ детальдарға дейін назар аударатын адамдардың көз айналасында доғал тәріздес әжім пайда болады.
• Қас пен көздің арасындағы әжімдер жүректі дәрігерге қарату қажеттілігін білдіреді.

Ауыз маңайында орналасқан әжімдер
• Ерінге жақын жоғары бағытталған мимикалық әжімдер адамның позитивті, әрдайым көңілі көтеріңкі екендігін білдіреді. Ал төмен бағытталған әжімдер – ортаға, өзіне көңілі толмайтын, пессимистік көзқарас иесіне тән.
• Өздерін жалғыз сезінетін, ұяң, кез - келген ортада ашылуы қиын жандарда ауыз маңайына әжім тез түседі.
• Ал мұрын мен ерінді жалғастырып түсетін әжім өмірде көп қиындық көрген, көңілі қалған адамдарда болады.
• Жоғары ерін үстіндегі тігінен орналасқан әжімдер гармоналдық ақаудың барын немесе гинекологқа көріну керектігін аңғартады.


Скачать


zharar.kz