Оразақын Асқар
Ең жақсы өлең
Таудай сөздің түйіні бар тарыдай,
Өлеңнің де бермейді ғой бәрі ұнай.
Маған Пушкин - Есімде өткен сол бір шақ
Маған Абай - Желсіз түнде жарық ай .
Әбу десем, көкте көлбер Ақша бұлт ,
Мен - қазақпын десе Жұбан, жақтадық.
Айттық Өзім туралысын Қасымның,
Алғаш оқи бастағанда - ақ жатқа алып.
Тере берсем, бұл талайға тән бақыт.
Ой орманы Қадырды алыс самғатып.
Арғымағы алып ұшып Олжасты,
Келе жатыр дүние жүзін шарлатып.
Тұманбайдың бар Студент дәптері
Төлегеннің Сағыныш әр сәттері.
Ақындарға бұлар ортақ ой тастап,
- Өлеңдегі өз биігіңді тап,- деді.
Асылды іздеп, менің де еш мазам жоқ,
Ойдың кенін күндіз-түні қазам көп.
Жаңа өлеңге кіріседі шын ақын:
- Ең жақсысын енді ғана жазам
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Шилісу негізгі мектебінің
4 – сынып оқушысы Қасымбек Арайлым
Сынып жетекшісі Билибаева Қарлығаш Урамбаенва