Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар

Скачать

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
16. Ежелгі дәуір әдебиеті
17. Алып – Ер Тұңғаны жоқтау
18. Орхон ескерткіштері (VIII ғ.)
19. Қорқыт ата кітабы. (ҮІІІ – ІХ ғғ.)
20. Оғыз қаған жыры

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті.
Сабақтың мақсаты: а) Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Біздің заманымызға дейінгі жазу сызулар мен аңыз жырлар.
Ұлан - байтақ қазақ жері — ең кемінде 3 - 5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі — біздің жыл санауымызға дейін - ақ Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай "түрік", "түркілер" атанған.
Сақтар біздің заманымыздан бұрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақпан, сақшы, қып - сақ (қыпшақ), т. б. Көшпелі сақтар жайын - дағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.
Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: "Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық - түлік мол болғай!" — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII — V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.
Сақ, ғұн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз - жырлар бар.
Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш - терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс - тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең - байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін - дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды түрік , түркілер деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.
Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан - ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбалары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында Рунә жазуы деп аталып кетті. Рунь деген сөз құпия , яғни сыры ашылмаған деген ұғымды білдіреді.
Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ - X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т. б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жазбаша әдеби тілі болды.
Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып - Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз - әңгімелер бар

Кітаппен жұмыс: Кітаптан ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып түсініктерін айтады.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ежелгі дәуір әдебиеті туралы оқып келу.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz