Тақырыбы: “ Ата салтың – халықтық қалпың ”
Мақсаты: Жас ұрпаққа ата – бабаларымыздан аманат болып қалған салт – дәстүрін насихаттау, үлгі ету, көрсету, үйрету.
Кештің түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты жазылған плакаттар, ұлттық ою – өрнектер, төс белгілер.
Кештің барысы:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақыру
ІІІ Әділ қазылар алқасын сайлап алу
ІV. Сайыс шарттарымен таныстыру
Таныстыру Эмблема
Ән
Тиым сөздер
Би
Викториналық сұрақтар
Көрініс
Ою ойып беру
Қорытынды
Ата баба қанына сіңген
Жақсы әдеп, салтыңды білген
Салтыңды білген - халқыңды білген
Ынтамен оны кел сенде үйрен!
Әр халықтың өзіндік ойын сауығы, дәстүрі, ғұрпы, салты бар. Бұлар талай ғасыр жемісі. Қазақта әдет - ғұрып, салт көбіне ән, өлең – жыр арқылы бейнеленеді.
1 - Жүргізуші.
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнауына кірер денең,
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойлансаңшы бос қақпай елең – селең
- деп ұлы ақын Абай айтқандай, халықтың бүкіл тіршілігі өлең жырға арқау болған.
2 - Жүргізуші
Жақсы көріп дәстүрін, салтын,
Күйін тартып қалықтатқан ән қанатын
Сайыскерлер өнерін көріңіздер,
Халқының баптай білген ізгі салтын.
Ортаға сайысқа қатысатын “ Мұрагер” мен “Қыран” тобын ортаға шақырамыз.
Екі топ өздерін таныстырып өтеді. Ендігі кезек сайыс түрлеріне беріледі.
Таныстыру. ( Эмблема)
1 - Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - дегендей Абай атамыз, ендігі сайыс ән кезегіне беріледі.
2. Ән сайысы. ( 2 топтан бір - бірден шығады )
“Наурыз айы туғанда”
“ Қазақтың дастарханы”
Бабамыздан қалған қандай ырым – тиым сөздерді білесіңдер?
1 мин. Екі топ тез айтып шығулары керек)
2 - Жүргізуші:
Тиым сөздер ата - баба ұлағаты.
Мысалы: Есікті керме.
Ақты төкпе.
Үйге қарай жүгірме.
Малды теппе. т. б
1 - Жүргізуші: Жадырап маңдайынан таң атқандай,
Жанары тұнық сырын таратқандай
Қазақтың би өнерін аспандатқан
Қимылы арулардың ғажап қандай
Енді кезек биге беріледі.
Бишілер: 1. Тайкенова Динара “ Қазақ” биі
2. Шалова Жазира “Қазақ” биі.
2 - Жүргізуші: Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне, - деп
Фариза Оңғарсынова апайымыз айтқандай, екі топтың білімдерін сынап көрейік.
Білім сайысында мынадай сұрақтарға жауап берулері керек
Сұрақтар:
Қазақша жыл атауларын ретімен ата?
Ат әбзелдерін ата?
Киіз үйдің жиһаздарын ата?
Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?
Той үстіндегі ұлттық ойындарды ата.
Үй - жиһаздарына байланысты қандай тақпақ, өлең білесің?
Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
Қандай ұлттық аспаптарды білесің?
Жеті атаңды ата?
Жеті күнді ата?
1 - жүргізуші: Әрбір топ өздері дайындап келген көріністерін қояды
2 - жүргізуші: “ Ою ойғанның ойы ұшқыр” дегендей аруларымыз ою - өрнегін көрсетеді.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Біздің қыздар өнерлі
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алыпты
Ою сынды – өнерді.
Әр топтан екі бала шығып, ою ойып береді.
“Дәстүр жалғасы” ән орындалады
Қорытынды:
Жүлдегер топты анықтау.
Кештің әділ - қазылар алқасына сөз беру.
Екі топтың сайысының қорытындысын шығару
“Қыран” тобы - 31 балл, “Мұрагер”тобы - 32 балл жинады.
Кеш соңы бимен ұласты.