Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Келісілді:
Шаттық бөбекжайының әдіскері: ___________ Мыңбаева А. А
Уақыты:
Тобы: Ертегі ІІ кіші тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті түрі: Музыка
Тақырыбы: Тауық пен балапандары
Мақсаты:
• Балалардың үй құстары және олардың пайдасы туралы ой - өрісін кеңейту.
• Үй құстарын қорғап, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
• Музыканың ашық құралдарын, ретімен салыстыру. Музыкалық ырғаққа жеңіл қозғалу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс:
Қажетті көрнекі құралдар: слайд, тауықтың, балапанның суреті, баян аспабы, үнтаспа.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, үйрету, көрсету
Қостілділік компонент: тауық - курица - chiken, балапан - цыплёнок - chik.
Тәрбиешінің әрекеті
Балаларды Шөжелерім әнімен қарсы алады. Балалардың жеңіл, көңілді, жылдам ырғақпен жүруін қадағалау.
Сәлем, сәлем, балақай!
Ән айтамыз, би билейміз, алақай!
Орман шуы әуені тыңдала - ды.
Күн күледі, жадырайды,
Құстар келіп сайрайды.
Кел, балалар, келіңдер,
Ертегіге еніңдер!!!
Ал, енді айтыңдаршы балалар кімнің үйінде тауық бар?
- Ендеше балалар, қазір бәріміз Асылымның үйіне барайық, тауық көрейік.
- Көбелек болып ұшамыз,
Қанаттарды қағамыз
Гүлге келіп қонамыз.
Арықтан аттаймыз, алысқа қараймыз.
Шеңбер бойымен жүреді, ұшады, қанаттарын қағады.