Ақыл тобына

Скачать

Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев Ар - ұят туралы өлеңі
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Жұбан Молдағалиевтің өмірі туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету. Өлеңнің идеясымен таныстырып, ақын мұратын ұғындыру.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
Халық жүрегінен орын алған ақын Ж. Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, Ар - ұят туралы өлеңіне талдау жасап, әдеби - теориялық білімдерін кеңейтіп, мазмұнымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Кейбір оқушылар істей алады:
Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады. Әр түрлі әдістер арқылы белсенділік, көшбасшылық қабілеттері айқындалады. Сыни ойлау дағдылары дамиды.
Тілдік мақсаттар: Негізгі сөздер мен тіркестер: ұят, ар, ождан, зор парыз, зор сүндет, адамдық, ғұмырлы болу, құлаққа құю, тулау т. б
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
- Балалар, бұл өлеңнің авторы кім, жазушының айтпақ ойы не?
- Жұбан ақынның басқа қандай өлеңін білесіңдер?
- Шығармада не туралы айтылған?
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің ойымша,.....
Мен былай толықтырар едім........
Маған қиын болды.........
Мен орындай алдым.......

Алдыңғы меңгерілген білім
Ақынның өмірі мен шығармашылығын біледі. Өлеңдерін талдай алады.

І. Ұйымдастыру кезеңі
3 мин Топқа біріктіру
Сәлемдесу. Сынып ішінде түстер үйлесімділігіне байланысты
жағымды атмосфера қалыптастыру. Түстер таңдау арқылы топқа біріктіру.
Сыныпты 3 топқа біріктіру. 1 - топ қызыл түс Әдеп тобы, 2 - топ жасыл түс Ақыл тобы, 3 - топ жасыл түс Адамгершілік тобы.
Сабақ мақсатын анықтау жетістік критерийімен таныстыру.
1. Ақын Жұбан Молдағалиев туралы білетін боламын.
2. Ар – ұят туралы өлеңінің мағынасын түсіне аламын.
3. Өлеңді құрылысына қарай талдай аламын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1 мин
- Балалар өткен сабақта қай ақынның өмірімен таныстық?

ІІІ. Ойлы сұрақ - ұтымды жауап әдісі
Оқушылардың үйге берілген тапсырма бойынша білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа 3 – 4 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.
І топ: Әдеп тобына
1. Қасым Аманжолов қай жылы қай жерде дүниеге келген?
2. Ол жайлы не білесің?
3. Өлеңді жатқа айтып бере аласың ба?
4. Қасым ақын қандай шығармалардың авторы?
ІІ топ: Ақыл тобына
1. Ақынның Жамырап күнде жас өмір өлеңі не туралы?
2. Теңеу дегеніміз не? Өлеңде теңеу сөздер бар ма?
3. Өлеңді кім жатқа айтып береді?
4. Марқа деп нені айтамыз?
ІІІ топ: Адамгершілік тобына
1. Жамырап деген сөзді қалай түсінесің?
2. Ақынның туған жерге деген сезімі өлеңнің қандай жолдарынан байқалады?
3 Өлеңде Құтты деп ақын нені айтып отыр?
4 Өлеңді жатқа кім айтып бере алады?
Сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушылар мадақтау арқылы бағаланады.

Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы № 158 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Кетепова Жаухар

Жұбан Молдағалиев Ар - ұят туралы өлеңі. жүктеу
Жұбан Молдағалиев Ар - ұят туралы өлеңі. слайдты жүктеу


Скачать


zharar.kz