Интербелсенді тақта

Скачать

Қазақ тілі 5 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Буын
Сабақтың мақсаты:
Буынның өзіне тән ерекшеліктерін, жасалуын түсінеді, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы түсініктері кеңейеді, оқушылардың ойлау, есте сақтау, ой жинақтау еркін сөйлеу қабілеттері артады және мәтін арқылы халқымыздың салт - дәстүр, әдет - ғұрпын дәріптеуге үйренеді..
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта.
Сабақтың типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: жұппен түсіну, талдау, топтастыру, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер,
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері
Мұғалімнің іс - әрекеті: Уақытты ұтымды пайдалану, тапсырманы орындауға дұрыс бағдар беру. Слайд дайындау, интербелсенді тақтада оқушылардың барлығы дерлік шығуына көңіл бөлу.
Оқушының іс - әрекеті: Оқушылар фонетиканың бір бөлшегі - буынның өзіне тән ерекшеліктерін, жасалуын мысалдар арқылы түсініп, жаттығу жұмыстарын орындайды, интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып жұмыс жасайды, талдайды, топтастырады, ой қорытады.
Күтілетін нәтиже: Сұрақтарға жауап бере отырып, дауыссыз дыбыстар жайлы білімдерін бекітеді, буынға арналған тапсырмаларды орындау барысында түсінігі артады, мысалдар келтіреді, сурет бойынша мәтін құрайды, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Бағалау формасы: жұппен бірін - бірі бағалау

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Проблеманы айқындау Үлкен шеңбер
Өткенді қайталау (бір - біріне сұрақтар қояды)
Мысалы:
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстардың жіктелісі.
4. Дауыссыз дыбыстардың жіктелісі.
2) Дыбыстар жайлы жазып келген ертегілерін оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұппен жұмыс (бірін - бірі оқыту арқылы түсіну)
Ба - ла - лар мек - теп - ке кел - ді. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі буын болады. Буын бір не бірнеше дыбыстан тұрады. Мысалы: қант, а - ла - қан.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

ІY. Кітаппен жұмыс
296 - жаттығу.
1. Тарихи сөздер дегеніміз не? Қандай тарихи сөздер кездесті?
Екі жақты күнделік стратегиясы
Садақ – ату құралы
Қорамсақ - жебе салатын сауыт
Балдақ - жебенің сақинасы.
Са - дақ - 2 буынды, 5 дыбыс 2дауысты+3дауыссыз.
Қо - рам - сақ - 3 буынды, 8 дыбыс 3 дауысты+ 5 дауыссыз.
Бал - дақ - 2 буынды, 6 дыбыс 2 дауысты+4 дауыссыз.
297 - жаттығу.
Мәтінді буынға бөлу.
Құс - бе - гі - лік ---------- Ат - бе - гі - лік ----------- Аң - шы
4 буын ---------------------- 4 буын ---------------------- 2 буын
Дыбыстық талдау жасау.

Y. Сергіту сәті Адасқан атаулар
1. Қолына алып қазықты, з – с
Ашқарақ асқа асықты
2. Көпен қатты ысқырды, с - т
Кепсерлерді ұшырды.
3. Атам шапан байырғы, а – о
Қойын кері қайырды. (адасқан әріптерге фонетикалық талдау жасау)

YI. Сурет бойынша мәтін құрастыру. ( жұппен жұмыс)
Интербелсенді тақтада бірнеше сурет көрсетілген. Осы суреттерге байланысты тірек сөздер тауып, ол сөздерді пайдаланып мәтін құрастыру.

YII. Топтастыру. Фонетика тарауына қатысты сөздерді тиісті ұяшыққа салып топтастыру. Тіл дыбыстары, буын, әліпби, тасымал, қатаң, ашық, еріндік...

YIII. Сабақты бекіту.( топтастыру)
Буын
дауысты дыбыс құрайды

IX. Үй тапсырмасы
301 - жаттығу. Мәтінге ат қойыңдар.
Мәтіндегі екі буыннан тұратын сөздерді көшіріп жазыңдар.
X. Бағалау.
- Бүгінгі сабаққа қалай қатыстыңдар? Не білдіңдер? Сабақ несімен ұнады?
Қатар отырған екі оқушы бірін - бірі бағалайды.


Скачать


zharar.kz