Ақшақардың достары (ортаңғы топ)
(Үнтаспаға жазылған дауыс немесе жүргізуші)
Алыста, алыста, тұрыпты Аяз - атамен Ақшақар. Ақшақар күн ұзақта аңдармен орманда ойнағанды жақсы көрген оларға Ақшақар ән айтқан, бірге би билеген. Аяз - атаның шарбағында бір қоян тұрған ол шарбақта тазалықты жақсы көрген күнде жинаған, сыпырған.
Аяз - атаның Жаңа - жылдың алдында жұмысы көп. Түні бойы шыршаны безендірген Ақшақарды қуантайын деп. Ал таң атысымен жұмыстарымен кетіп қалған. Ақшақар үйде жалғыз қалған.
Ақшақар: (Үйінен шығып қуанып шыршаны айналдыра қарап)
Тамаша! Қандай шырша маған Аяз - ата әкелген!
Қанша ойыншықтары бар! Қалай жалт - жұлт етеді!
(Қайтадан айналдыра қарайды да айқайлайды)
Қоян! Әй - қоян! Мұнда кел! ( Секіріп қоян келеді)
Қоян: Шақырдың ба, Ақшақар мені?
Ақшақар: Ия, қоян. Қазір маған көп деген қонақтар келеді, сен есіктің қасында тұр.
Ал менің әлі де істелмеген көп жұмыстарым бар.
Қоян: (Секіріп ) Жарайды, Ақшақар! (Сыпырғышты алып, есіктің қасын әндетіп сыпыра бастайды). Есікті қаққан естіледі
Қоян: Кім бұл? Кім келді бізге?
Аю: Ақшақар біздерді Жаңа - жылды қарсы алуға шақырған.
Қоян: Ақшақар, мұнда аюлар келіп тұр.
Ақшақар: Кірсін, кірсін.
Аю: Сәлеметсіз бе? Ақшақар, біздер саған Жаңа - жылға тәтті бал әкелдік. Жаңа - жыл тәтті өтсін деп.
Ақшақар: Рахмет, рахмет. Төрлетіңдер. ( Есіктің артынан ызылдаған дауыс естіледі)
Қоян: Ақшақар мұнда балдың иісіне аралар толып кетті. Не істеймін?
Ақшақар: Кіргіз оларды. (Ұшып аралар кіреді шыршаны айналады).
Ән: Аралар
Бірінші ара: Түсінбедім бал иісі шыққан сияқты, бірақта мына гүлде ешқандай бал жоқ!
Ақшақар: Аралар, ол гүл емес ол Жаңа - жылға безендірілген шырша.
Екінші ара: Шырша дегенді білеміз бірақта Жаңа - жыл туралы естімедік.
Ақшақар: Олай болса қонақтармен жайғасып бірге Жаңа - жылды қарсы алайық сонда білесіңдер. (Тағыда бір дүрсіл естіледі)
Ақшақардың достары (ортаңғы топ). жүктеу