Жұлдызшалармен таныстыру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік
Сабақтың мақсаты: 1. Шығыс септігі туралы алған білімдерін жинақтау, тұрақтандыру, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2. Тілдік қорларын байыту, шығармашылық қабілеттері дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа баули отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: жұлдызшалар, сөзжұмбақ, тірек - сызба, қима үлестірмелі қағаздар, ребустар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Өлеңмен ашу.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашығым, бақытым, дара тілім.
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жұлдызшалармен таныстыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздағы біліміміздің нәтижесін мына жұлдызшалар арқылы анықтаймыз. Мен қолымдағы жұлдызшаларды дұрыс жауап беріп отырған баланың алдына қоя беремін. Қызыл жұлдызша – 5 , көк жұлдызша – 4 , сары жұлдызша – 3 .
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Адасқан буындарды өз орнына қойып сөз құрау.
3. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сөзжұмбақ шешкізу арқылы бүгінгі сабақтың мақсаты хабарланды.
Шарты: - Мына жақша ішіндегі амалды орындаймыз. Сонда шыққан нәтиже сан сөзінің керекті әрпін, төмендегі сан арқылы анықтаймыз


Скачать


zharar.kz