Қасым Аманжолов өлеңі
Япырай, мына күннің райын - ай!
Төсектен тәуір болып тұрайын - ай.
Десем де қабағын бір қойды - ау ашпай
Ерегіскен, енеңді ұрайын - ай!
Шығайын ең болмаса бір күн деймін.
Азырақ ашылсаңшы, шіркін, деймін.
Түнеред әкесін мен өлтіргендей,
Бір сыбап аламын да, күркілдеймін.
1953
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау