Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Ата - анаға мейірімді, туған жерге, айналасындағы заттарға ұқыпты қарауға баулу.
Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, мақал - мәтелдер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар бүгінгі Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар, бізге ақылдылықты, адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты бізге үйрететін ата - анамыз, ата - бабамыз, ұстаздарымыз.
Ең бірінші осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтінен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Балалар жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әрекеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болайық.
Гимн:
1 - жүргізуші.
Ата - ананың тілегі сенің жақсы адам, азамат болудың сенің еңбек сүйгіштігің. Ата - ана алдында шыншыл бол. Өзіңнен үлкеннің ақыл - кеңесін тыңда. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол. Балалар адам бойындағы қандай жақсы, жаман қасиеттерді білесіңдер?
- Кәне барлығымыз өз білгенімізді қысылмай ортаға салайық.
Жақсы қасиет
↓
Сәлем беру
Әдепті болу
жаман сөз айтпау
Уәдесінде тұру
Үлкенді сыйлау
Жаман қасиет
↓
Ұрлық жасау
Өтірік айту
Уәдесінде тұрмау
Жаман сөз айту
Еріншектік
Үлкенді сыйламау
2 - жүргізуші:
Балалар әдептілікті өздерің түсінесіңдер. Ойларыңды ортаға салыңдар
1 - Оқушы Әсет
Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен
Үйренеміз жақсы мінез әдеттен
1 - Жүргізуші
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
2 - жүргізуші
Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
1 - Жүргізуші
Өтірік айтпаса
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз?
Шыншыл екен бұл дейміз.
2 - Жүргізуші
Балалар ата - бабаларымыз әдептілік туралы қандай сөздер айтып кеткен?
- Бүйрегіңді таянба!
- Жалғыз ағашты кеспе!
- Үйді айналып жүгірме!
- Табаныңды тартпа!
- Жағыңды таянба!
- Нанды баспа, бір қолмен үзбе!