Сабақтың тақырыбы: 1. Үлестер. Жай бөлшектер
2. Санды өрнектер . Әріпті өрнектер
3. Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау
4. Көбеутудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып , өрнектерді ықшамдау
5. Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
6. Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі
7. 2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
8. 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері
9. Жай сандар, құрама сандар
10. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
11. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
12. Ең кіші ортақ еселік
13. Мүмкін нұсқаларды іріктеу
Сабақтың тақырыбы: Үлестер. Жай бөлшектер
Сабақтың мақсаты:
a) Оқушылардың сандар туралы ұғымын кеңейту, өмірмен байланыстыра отырып бөлшек сандарды ұғындыру.
b) Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
c) Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ – жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, дидактикалық ойындар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ бастауға бейімдеп, сабаққа дайындаймын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
а) Жай бөлшек ұғымын енгізу.
Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлейік. Тең бөліктер үлестер деп аталады. Әрбір үлес – дөңгелекті өзара тең 4 бөлікке бөлгендегі 1 бөлігі. Жазылуы дөңгелектің - і; - дің оқылуы: төрттен бір . Демек, 1: 4 дегеніміз;, мұндағы – сызықша – бөлшек сызығы. 1 - бөлшектің алымы, 4 - бөлшектің бөлімі.
1 - сурет
Бөлшек сызығының астындағы сан неше тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді, сондықтан оны бөлшектің бөлімі деп атайды, бөлшек сызығының үстіндегі сан ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді сондықтан оны бөлшектің алымы деп атайды.
Дөңгелекті бірлік ( бір бүтін) ретінде қабылдап, оны тең 2 бөлікке, тең 4 бөлікке, тең 6 бөлікке, тең 8 бөлікке бөлейік.
Тең бөліктер үлестер деп аталады.