Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері шешу әдістерін үйрету

Скачать

Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері шешу әдістерін үйрету;
ә) дамытушылық: Теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Студенттердің математикалық сауаттылықтарын дамыту;
б) тәрбиелік: Студеттерді дәлдікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Деңгейлік тапсырмалар, дәптермен жұмыс, Ж. Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы, ашық тест, сигналдық корточкалар, Жуан, жіңішке сұрақтар стратегиясы, Бағалаушы фигуралар әдісі, Бір сөзбен әдісі, Геогебра программасы.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, информатика
Сабақтың көрнекілігі: ДК, бейнепроектор және экран, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, сызғыш.
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) топтағы оқушылардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру;

ІІ. Өткен материалды қайталау

(Үйге берілген тапсырма экранда шығарылып көрсетіледі. Студенттер сигналдық корточкалар арқылы есептерін тексереді. Қызыл - дұрыс, Сары - қате). Сонымен қатар бүгінгі сабағымызды Бағалаушы фигуралар әдісімен бағалайтын боламыз.
№159 есеп
y=a функциясының графигіне қарапайым түрлендірулер қолданып, y=g(x) функциясының графигін салыңдар.
Студенттер теориялық білімдерін қайталау мақсатында үш топ бір біріне Жуан, жіңішке сұрақтар стратегиясы бойынша сұрақтар қояды.
Жетондар арқылы топқа бөлу (Теңдеу, Көрсеткіштік функция, Теңдеулер жүйесі жазылған): Көрсеткіштік функция, Теңдеу, Теңдеулер жүйесі

III. Жаңа сабақ
(Теориялық білім түсіріледі)
Анықтама: a f(x) =a g(x) a 0; a≠1 түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Көрсеткіштік теңдеулерді шешу тәсілдерін қарастырайық:
Көрсеткіштік теңдеудің екі жақ бөлімінде бірдей негізге келтіру.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
"Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледжі" МКҚК
Математика пәнінің оқытушысы
Калдаулетова Айгерим Максатовна


Скачать


zharar.kz