Paint графикалық редакторын қайталау

Скачать

Категория: Информатика
Сынып: 5
Жалпы орта білім беру мектептерінде үштілді білім беру жүйесі бойынша информатика пәнін үштілде өткізу
Word Pad мәтіндік редакторы
Текстовый редактор WordPad
Text editor WordPad
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word Pad мәтіндік редакторы туралы мағлұмат беру және бұл мәтіндік редактордың мүмкіндіктері, жұмыс жасау ережесімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жан жақты дамыту, жылдам ойлауға және нақты дұрыс шешім қабылдауға, негізгі терминдерді үштілде меңгеруге дағдыландыру және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Компьютермен жұмыс жасауда ұқыпты болуға, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету, еңбек сүйгіштікке, достарымен сыйласуға, топпен жұмыс жасауға және бір - біріне көмек созуға әрқашан дайын тұлғаны дайындау.
Сабақтың типі: оқушы білімін бекіту.
Сабақтың түрі: теориялық және практикалық
Сабақтың әдіс - тәсілі: топтық, жұптық, жеке дара, сұрақ - жауап, СТО
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, слайд, семантикалық карта, үлестірме қағаздар (деңгейлік тапсырмалар жазылған).

Сабақтың өту кезеңдері:
І. Кіріспе
1 - кезең. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
2 - кезең. “Сұрақ - жауап айдары” (өткенді тақырыпты қайталау) (10 минут)
3 - кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру (презентациядан көрсету) (10 минут)
ІІ. Негізгі бөлім
4 - кезең. Жаңа тақырып бойынша миға шабуыл жасау (6 минут)
5 - кезең. “Компьютермен жұмыс” (10 минут)
Сергіту сәті (3 минут)
ІІІ. Қорытынды
7 - кезең. Бағалау. (2 минут)
8 - кезең. Үйге тапсырма беру. (2 минут)

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар?! Good morning?!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, мұғалім! Good morning, teacher!
Мұғалім: Қалдарыңыз қалай? How are you?!
Оқушылар: Жақсымыз. We are fine, thanks!
Мұғалім: Жақсы, орнымызға отырамыз! Ok, sit down, please!
Мұғалім: Бүгін сыныпта кім жоқ? Who is absent, today?
Оқушылар: Бүгін сыныпта барлығы бар. Today everybody is here
Мұғалім: Бүгін кезекші кім? Who is the monitor?!
Оқушылар: Бүгін кезекші мен. Today, I am!
Мұғалім: Жақсы Ok
Мұғалім: Үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?
What was the homework for today? Who wants to say?
Оқушылар: Paint графикалық редакторын қайталау. To repeat Paint graphic editor.

ІІ кезең. Сұрақ - жауап айдары
1. Мұғалім: Paint графикалық редакторы дегеніміз не?
What is the Paint graphic editor?
Оқушылар: Paint графикалық редакторы суреттер салуға және өңдеуге арналған программа!
Paint is for drawing the graphical editor
2. Мұғалім: Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
How we can turn on the Paint?
Оқушылар: We can turn on the Paint bu this way:…..
Пуск - Все программы – Cтандартные – Paint.
3. Мұғалім: Графикалық редакторда қанша құрал - саймандар бар?
How many tools do the Paint consist of?
Оқушылар: Мұнда..... құрал саймандар бар?
There are ….. tools in the Paint!
4. Мұғалім: Графикалық редакторда түстер палитрасы қанша?
How many colours in the Paint?
Оқушылар: Мұнда... түс орналасқан.
There are … colours
5. Мұғалім: Paint графикалық редакторының элементтерін ата!
Name the elements of the Paint?
Оқушылар: Window, tools …
ІІІ кезең. Жаңа сабақ
Word Pad мәтіндік редакторы Текстовый редактор Text editor WordPad WordPad
Windows 7 операциялық жүйесінде WordPad мәтіндік редакторы төмендегідей іске қосылады: Пуск - Все программы – Стандартные - Word Pad

Павлодар қаласы,
№35 жалпы орта білім беру мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі Камиль Айбек

Толық нұсқасын қарау, жүктеу


Скачать


zharar.kz