Сөздердің мағынасын түсіндір

Скачать

Пәннің атауы: Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Сөз және оның мағынасы
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың мақсаты: 1) Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру
2) Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
3 ) Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: кестелер, тірек сөздер, сөзжұмбақ.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, дәлелдеу, түсіндіру, ойын, ой туғызу
Сабақ: аралас
Психологиялық дайындық
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау
Үй жұмысы жазылған тапсырмаларды орындату
Қызығушылықты ояту - Сөз – дегеніміз не?
- Сөздер неден құралады?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастырып жазамыз.
Тау, сөйлеу, ағаш, ұялшақ, оқушы, әдемі, он жеті, тоғыз, жүйрік.
Сөздер мағынасына қарай сөз топтарына бөлінеді.
Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
Зат есім, етістік, сын есім, сан есім ережелерін еске түсіру.
Сөздердің мағынасын түсіндір.
Жол – жал – жыл – жел.
а ) Не байқадың? Қандай қорытынды жасауға болады?
Сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен сөздің мағынасы өзгереді?
ә ) Сөздің соңғы дауыссыз дыбыстарын өзгертіп жаңа сөз жаса.
(жоқ, жан, жыр, жем)
Ойын Ойлан тап!
Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын буынды тап.
қал ------- быс
бал ------- мақ
ма -------- лант
(табыс, талант сөзінің мағынасын ашу, түсіндіру)
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Мұғалім: Букенбаева Гүлбану Габдушевна
Пракатиканттың аты - жөні: Дайынова Жаннат Кайржановна
Сөз және оның мағынасы. жүктеу


Скачать


zharar.kz