Өсімдік мүшелерін ата

Скачать

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Сарыбұлақ негізгі мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Сағындықова Бибінұр Сәбитқызы

Тақырыбы: Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Сабақтың мақсаты:
1. Өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі жайлы түсінігін қалыптастыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Мезгілге байланысты өсімдіктердің өзгерістерін ұғындыру, ой өрісін, тілдік қорын дамыту.
3. Өсімдіктерді, жалпы табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: дүниетану бақылау күнделігі, жыл мезгілдерінің суреттері, сызбалар, жұмбақтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Әдіс - тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты қорытындылау.
- Өткен сабақтарда не жайлы өттік?
- өсімдік
- Ендеше бірнеше сұрақтарға жауап берейік
1. Өсімдік қандай ағзаға жатады және неге?
2Өсімдік мүшелерін ата.
3Тамырдың атқаратын қызметі
4Тамыр нешеге бөлінеді.
5Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі
6. Сабақта өсімдіктің қандай мүшелері орналасқан?

Жұмбақ шешу:
Жап - жасыл боп шығады,
Сап - сары боп түседі? (ЖАПЫРАҚ)

Жапырақ сөзіне дыбыстық талдау жасау:

Жапырақ - 7 дыбыс, 7әріп
Ж - дауыссыз ұяң
А - дауысты жуан
П - дауыссыз қатаң
Ы - дауысты жуан
Р - дауысыз үнді
Қ - дауыссыз қатаң

Сөзді оқимыз. Жапырақ қай дыбысқа аяқталып тұр. Ережені еске түсіреміз.
Жапырақ - жапырағы.
Жапырақ сөзінен сөйлем құраймыз.

7 сұраққа жауап бере отырып сөзжұмбақ шешу:
1 Көктемгі жапырақ түсі
2 Жапырақтың қоректік заттарың бірі
3. Тыныс алу мүшесі
4. Күздің алғашқы айы
5. Жапырақтың қоректік заттарының бірі
6. Жапырақ қайда орналасқан?
7. Өсімдік не арқылы тыныстайды?

Сөзжұмбақты шештік. Ортада жапырақ сөзі шықты.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз мезгілің айларын атаймыз.
3. Күзгі жапырақ түрі қандай?


Скачать


zharar.kz