САБАҚ №3
Пәні: Қазақстан тарихы 5 сынып
Сабақ тақырыбы: §3 Адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар
Жоспары: Білім стандарты, пән бағдарламасы, Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығы - 5 сынып, автор Артықбаев Ж. О. Сабданбеков Ә. Ә, Әбіл Е. Н Интернет материалдары
Жалпы мақсаты:
1. Адамзат баласының шығуы мен қалыптасуы туралы мәлімет беру
2. Питекантроп, синантроп сөздерінің мәнін түсінуге үйрету
3. Өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
1. Адамзат баласының шығуы мен қалыптасуы туралы білетін болады
2. Питекантроп, синантроп сөздерін мәнін түсінуді үйренеді
3. Өзгенің пікірімен санаса біледі
Негізгі идеялар: Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік - экономикалық дамуында ұзақ кезеңдерге яғни тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Қазақ халқының негізін құраған алғашқы адамдар бастапқы кезеңде тобыр болып, бірте - бірте рулық - тайпалық, қауымдастық жүйемен өмір сүрді.
Тапсырмалар: 1. Миға шабуыл (Суреттер сөйлейді)
2. Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)
3. Жұптық жұмыс (Домино әдісі )
4. Жеке жұмыс (Блум таксономиясы)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі (Мұғалім мен оқушының іс - әрекеті)
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (2 - минут) назарын сабаққа аудару
1. 2. Топқа бөлу (Палеолит, мезолит, неолит болып үш топқа бөлінеді тулары суреттеріне байланысты 3 топқа бөлінеді,( 2 - минут)
ІІ. Миға шабуыл (Суреттер сөйлейді); (3 - минут)
Тақтада суреттер беріледі зейін салып көре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
1 - сұрақ. Кім туралы айтылып не туралы көрсетілді?
2 - сұрақ. Негізгі мәні, айтар ойы неде?
Мадақтау жылы шырай таныту
II Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс) (15 - минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
таныса отырып, үш топқа бөліп мәтінді оқып талқылайды.
1 - топ: Алғашқы адамдардың пайда болуы, 2 - топ: Адамның шығу тегі туралы 3 - топ: Ежелгі адамдардың түсінігі. Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1 - минут).
Бақылаушының бағалау парағы
Адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар жүктеу
Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері (қысқа мерзімді жоспар) толық нұсқасын қарау