Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№5 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі
Абдинагиева Гулбагдат Кушикбайкызы
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов Мектепке. Мектептен.
Сабақтың мақсаты:
1) М. Дулатовтың өмірбаянын өткен сабақтағы тапсырмалар арқылы толықтыру, өлеңді дауыс ырғағына келтіріп оқуға, мазмұнын түрлі тапсырмалар арқылы әдеби тілде ашуға үйрету.
2) Мектеп өмірінде оқушылардың әдепті, тәртіпті, рухани сауаттылығы дамыған, адамгершілік қабілеті мол, оқушыларды тәрбиелеу.
3) Сабақ барысында орындайтын тапсырмалар арқылы оқушыларды төзімділікке, ұйымшылдыққа, ой - өрісін, сана сезімін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:
СТО технологияларының стратегиялары, Міржақып Дулатовтың портреті, интербелсенді тақта, түрлі тапсырмалар жазылған плакат.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау.
Пән аралық байланыс:
Қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылар шеңбер жасап тұрады, амандасу, сабаққа қатысымын, дайындықтарын бақылау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Міржақып Дулатов Қыс әңгімесі.
(музыкалық әуенмен үй тапсырмасын тексеру)
Сұрақтары:
1. Адамдар суықтан қалай қорғанады?
2. Мәтіндегі жылқышының еңбегі туралы айт.
3. Мәтінде қысты қалай баяндайды?
4. Қыс мезгілінде үй жануарларын қалай күтеміз?
5. Сен қыста қалай киінесің?
6. М. Дулатов кім?
7. Бапсыз, жалтаң аяз - сөздерінің мағынасын түсіндір.
8. Бек қиын, қарыған - сөздерінің мағынасын түсіндір.
- Сонымен, үй тапсырмасын тиянақтай келе кімнің әңгімесі болды?
(сұрақ - жауап, талдау)
- Үстел үстінен сурет салу сол сурет атауы бойынша топқа бөліну сол атауларға қарап тапсырмалар орындалады. (парта, қалам, кітап, тақта)
- Бұлар нелер? Қайда және не үшін пайдаланамыз?
(оқушылар жауабы)
- Бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы: М. Дулатовтың Мектепке. Мектептен өлеңімен танысамыз.
(Интербелсенді тақтадан М. Дулатовтың портреті, өмірбаяны көрсетіледі)
- 1 оқушы интербелсенді тақтадан М. Дулатовтың өмірбаянын оқып береді.
- М. Дулатовтың Мектепке. Мектептен өлеңін екі өлеңді жатқа айтып беремін.
- (әуен ырғағыменен әуен қосулы тұрады)
- 7 - 8 оқушы дауыстап, мәнерлеп, дауыс ырғағына, нақышына келтіріп орындайды.
Сөздік жұмысы
Тақтамен жұмыс. Майлыаяқ – иттің аты.
Топтық тапсырмалар орындату.
1 – тапсырма.
Парта. Венн диаграммасы.
Кітап. Ассоциация.
Тақта. Өлең жолдарын қара сөзге айналдырып жазу.
Қалам. Өлең құрылымын талдау.
(шумағын, тармағын, буынын)
2 – тапсырма.
Парта. Қыс 5 жолдық өлең.
Кітап. Өлеңдерді сурет арқылы бейнелеу.
Тақта. Қыс көрінісін сахналау.
Қалам. Өлеңді нақышына келтіріп оқу немесе жатқа айту.
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадан көру арқылы орындау.
3 – тапсырма.
Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді жыл мезгілдерімен салыстырып жазу.
Парта. Қыс
Кітап. Көктем
Тақта. Жаз
Қалам. Күз
Сабақты бекіту.
Өлең жолдарындағы самауыр суретін көрсету қазіргі заманауи самауыр мен салыстыру
Самауырдың пайдасы туралы кеңінен мағлұмат беру.
Үйге тапсырма:
Міржақып Дулатовтың Мектепке. Мектептен өлеңінің өзіңе қалағанын жаттау.
Бағалау: Топ басшыларының топтарын бағалауы.