Бірге күлсін бүлдіршін

Скачать

Тақырыбы: Жырым саған арналады, Елбасы!
Мақсаты: Елбасы туралы толық мағлұмат беру. Балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік, сезімдерін арттыру. Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің тарихы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер, интерактивті тақта, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ - жауап.

Барысы: Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбер:
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.

Сұрақ-жауап:
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның Елордасы қай қала?
- Елордамыз – Астана.
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Әнұран, Ту, Елтаңба.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.
Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдеріне шолу жасайық.

1991жылы Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы. Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
1992 жылы ту, елтаңба, әнұран бекіді.

Ту
1 - бала: Көк аспандай көкпеңбек
Неткен әйбат, әдемі.
Көк емес, ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
2 - бала: Ақниетті алтын күн,
Орын алған сол төрден.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі Ту, ары.
3 - бала: Күміс күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.
Елтаңба
4 - бала: Елтаңбасы елімнің
Қазақстан жалауы.
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әдемі.
5 - бала: Құт - береке шаңырақ,
Асқар арман қыраны
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген

6 - бала: Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған
Билігің өз қолыңда
Еркіндігім Елтаңбам.

1993 жылы төл теңгеміз өмірге келді.
1998 жылы Ақмола қаласы Астана деп жарияланды.
2002 жылы Астана - Бәйтерек монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.

- Балалар, сендер Астана, Тіл, Отан, Қазақстан туралы, туған өлкеміз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
- Балалар, мен сендерге Астана туралы өлең оқып берейін.

Астанам
Бабалардың көзіндей,
Даналардың сөзіндей.
Ұлы дала тұғырлы,
Ұлы қала өзіндей.

Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам -
Әсем қала, бас қала!

Тіл туралы
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алаңдар

Отан
Отан - менің жүрегім,
Отан - менің тірегім.
Отан - сенің саянда,
Бақыт құшып жүремін.

Отан - бізің әніміз,
Отан - біздің сәніміз.
Ер жетеміз туған ел,
Сені сүйіп бәріміз.

Отан - менің өз елім,
Отан - туған өз жерім.
Отан - далам, өзенім.
Гүлдей жайнап өсеміз.

Қазақстан
Қазақ жері - Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен – Қазақстан.

Ертеңгі елдің тірегі -
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар.

Әрбір қазақ баласы,
Өзім сонда тұрам деп.
Бұл қазақтың даласы,
Ата - бабам туған жер

Мұғалім: Балалар Егеменді Қазақстан елінің келешегі де, болашағы да, мына өздерің боласыңдар, сол себептен Қазақстан байрағын биік ұстап, тілді құрметтеңдер.

Осымен Жырым саған арналады Елбасы атты тәрбие сағатымыз аяқталды.


Скачать


zharar.kz