Бүгінгі Жаратылыстану - Математика апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер

Скачать

Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты
1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі Жаратылыстану - Математика апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар Жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.
1 - жүргізуші: Ал енді барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің патшаларына сөз берейік (ортаға пән болып киінген үш оқушы: математика, физика, информатика шығып, тақпақтар оқиды )
Математика: Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Физика:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Информатика: Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық

2 - жүргізуші: Келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшаларына берсек (ортаға пән болып киінген үш: биология, химия, география шығады

Биология:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
География: География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын.
Химия: Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
1 - жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!


Скачать


zharar.kz