Абай өлеңдері

Скачать

Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй... .
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен, еңбектерімен таныстыра отырып, Абайдың ақын, аудармашы, лирик, композитор екенін дәлелдейтін мысалдар келтіру. Әдеби тұлғаларды сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Абайдың портреті, кітапшалар, Абайдың еңбектері, үнтаспалар, әндері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Балалар, бұл қай ақынның өлеңі? Ендеше, бүгін Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй... деп Абай Құнанбаев туралы сыр шертпекшіміз.
Сонымен Абай Құнанбаевтың өмірбаянына құлақ түрелік.

Мухтар Азиза
І Абайдың өлеңдері:
Мұғалімнің сөзі: Абай өлеңдері өзінше талап, шарт қойған.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы , дегендей, ендігі кезекті Абай өлеңдеріне берейік.

Абай өлеңдері: Күз, Қыс, Жазғытұры, Жаз.
Мұғалім сөзі: Абай – композитор, сазгер. Ұлы ақын, ағартушы саз саласында да мұра қалдырды. Ол кездері саз саласында жазба мәдениеті болмады. Соған қарамастан Абайдың өлеңдері халықтың жүрегінде мол сақталып, ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауысып, күні бүгінге дейін жетті. Балалар Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
Көзімнің қарасы , Желсіз түнде жарық ай , Айттым сәлем, қаламқас , Қараңғы түнде тау қалғып , Сегіз аяқ , т. б әндері бар. Енді Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй - демекші, Абайдың Көзімнің қарасы әнін тыңдайық.
Ән: Көзімнің қарасы.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзіңде білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.


ІІ Абайдың аудармалары.
Мұғалім сөзі: Жүрегімнің түбінде терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалық, соқпақтық жерде өстім,
Мың мен жалғыз алыстым, кінә қойма. Қазақ топырағында дамыған реалистік аударма дәстүрі Абайдан басталады. Аударма әдебиеті де сол Абайдан таралады. Абайдың аудармаларына кезек берейік.
Көрініс: Шегіртке мен құмырсқа

ІІІ Абайдың қарасөздері.
Мұғалім сөзі: Абайдың 1890 – 1898 жылдары жазған үлкен шығармасы Қарасөз деп аталады. Абайдың 45 қарасөздері бар. Кейін 1933 жылы М. Әуезов Абайдың қарасөздерін өңдеп, жүйелеп, жаңа баспадан шығарған. Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес, даналық сөздер.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, - дегендей Абайдың өлеңдеріне кезек берейік.
Ғылым таппай мақтанба.
Ән: Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаңы - терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді - өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып,
Үрген ит пен айтаққа,
Келмеп пе едің жол тосып,
Жолығуға аулаққа?

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаңы - терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қорытынды

Венн диаграммасы толтыру.
1. Абай кім?
2. Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген?
3. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
4. Абайдың әжесінің аты ата.
5. Абайдың өлеңдерін білесің?
6. Абай Құнанбаевтың атасы.
7. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесің?


Скачать


zharar.kz