Математика 1 - сынып
Тақырыбы: Өрнектер. а+7, а - 7
Мақсаты:
Білімділік: 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. 7 саны туралы қосымша мәліметтер беру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту. Танымдық қабілеттерін арттыру.
Көрнекіліктер: Касса, кеспе сандар, слайд, смайлик, гүл.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: СТО стратегиясы, сұрақ - жауап, дамыта оқыту, ойын.
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Қайырлы таң, досым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің күні,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең 5 - тік болсын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№4, 161 бет.
ІІІ. Жүгіртіп қайталау.
8 - 4
3+4
9 - 0
7+2
4+5
10 - 7
5 - 5
7+0
ІІІ. Негізгі бөлім
Ой шақыру стратегиясы
6 мен 8 сандары
Шақырды дос көршісін
Балақайлар табайық
Қонақ қай сан екенін?
Ж: 7
Жұмбақтың шешуін пайдалана отырып, жаңа сабақты түсіндіру (мұғалім).
• Жаңа сабаққа байланыстыра отырып, дамыту картасы бойынша жұмыс жүргізу.
Білемін:
1. 7 санының орнын
2. 7 санының құрамын
Білдім:
1. 7 санын қосу және азайту
Білгім келеді:
1. 7 санына қатысты мәліметтерді
Дәптермен жұмыс. Күннің жадын, тақырыпты жазу.
Каллиграфиялық жұмыс: 7 77 777
- Бұлар неше таңбалы сандар?
- 77 санын разрядқа жікте. 7онд. 7бірл.
( Елдос пен Аяжан мультсериалы кейіпкерлерінің тапсырмасын орындау арқылы жаңа мәліметтерді ала алатынын айту)
- Тапсырмалар құпия сандықшалар арқылы берілген. Тапсырманы орындасаң сандықша ашылып, киелі 7 саны туралы мәлімет ала аласыңдар.
Оқулықпен жұмыс:
1. Сандықша тапсырмасы:
№1. Кестелерді толтыр
а -------- 0 ----- 1 ------ 2 ------ 3
а+7 ---- 7 ------ 8 ------ 9 ------ 10
а ----- 10 ------ 9 ------- 8 ------- 7
а - 7 -- 3 ------- 2 ------- 1 -------- 0
- Қандай өрнек берілген? (әріпті)
- Өрнектерді қандай амалдармен орындадық? қосу және азайту)
- Қосудың компоненттерін ата.
- Азайтудың компоненттерін ата.
Сандық ішінен шығатын мәлімет: 7 күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
№3. Оқы. салыстыр. Есепті шығар. (Қысқаша шарты бойынша шығару, талдау). Мәтінді есепке айналдырып, оны шығар. (Тақтамен жұмыс)
а) Пломбир - 6 (дәптерге толық жаздыру)
Эскимо – 4?
Ш: 6+4=10
Ж: Барлығы 10 балмұздақ
Сөздік жұмыс:
- Пломбир – сүт, кілегей арқылы жасалатын балмұздақтың бір түрі.
- Эскимо – сырты шоколадпен қапталған, сүт кілегейінен жасалатын балмұздақ.
- Пломбир мен эскимо бір сөзбен қалай атауға болады? Балмұздақ
- Балмұздақ - мороженое - ice cream
- Балмұздақты қай мезгілде жеуге болмайды? Неліктен?
ә) Қайың – 4 (ауызша)
Қарағай – 6?
Ш: 4+6=10
Ж: Барлығы 10 ағаш өсіп тұр.
Сөздік жұмыс:
- Қайың мен қарағай ағаштары суыққа төзімді болып келеді.
- Бұлар көбіне Шығыс, Солтүстік Қазақстан аймақтарында көптеп кездеседі.
- Балалар, ал біздің қаламызда, мектеп ауласында өсетін қандай ағаштарды білесіңдер?
- Қарағаш, арша, терек, т. б.
- Ағаш - дерево - tree
- Ағаштар пайдалы ма? Неліктен?
Сандық мәліметі: 7 ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
- Қазақта Жеті атасын білмеген жетесіз деген мақал бар.
- Кім өзінің 7 атасын жатқа біледі?
- Бәрекелді! Қане балалар барлығымыз бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті (видео)
- Балалар, біздер қандай геометриялық фигураларды білеміз? Ата.
- Ұзындықтың өлшем бірлігі?
- Олай болса, келесі геометриялық тапсырмаға назар аударайық!
№4. Біреуінің ұзындығы 5 см, ал екіншісі одан 3 см қысқа екі кесінді сыз. (Өзіндік жұмыс)
Орындап болған оқушыға қосымша тапсырмалар беру
Сандық мәліметі: 7 қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы, берен мылтық.
Шығармашылық тапсырма: Заңдылықты анықтап, жетпей тұрған санды жаз:
4 2 2
3 7 6? 4?
Сандық мәліметі: Қазақтың 7 кереметі:
1. Таңбалы тас суреттері
2. Алтын адам
3. Қазақтың киіз үйі
4. Домбыра
5. Яссауи кесенесі
6. Маңғыстау жерасты мешіті
7. Астана - Бәйтерек
ІІІ. Бекіту бөлімі: Кел, ойнайық! (Топтық жұмыс.)
- Балалар, қазір қай мезгіл? Көктем.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Олай болса, сендерге топтық тапсырма: Гүл күлтелеріне берілген сан шығатындай етіп санды өрнектер жазамыз.
ІҮ. Үй тапсырма. Бағалау. №2, 162 бет (түсіндіру).
Рефлекция.