Атырау облысы, Индер ауданы,
Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Гулаим Еділқызы
Өлкетану таңдау курсының 4 - сыныпқа арналған бағдарламасы
Таңдау курсының мақсаты:
1. Өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту.
2. Жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру және отансүйгіштік сезім тәрбиелеу.
3. Туған өлке табиғатын қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге, өзінің елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
4. Елтану білім негізінде оқушылардың таңдау курсын оқып үйренуге қызығушылығын арттыру.
- туған өлке тарихын, табиғи байлығын кешенді түрде зерттеу.
- өзбетінше білім шығармашылықпен ойлануға, ізденуге үйрету.
- карта, сұлба, диаграмма және т. б жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық:
1. Елтану білім негізінде таңдау курсын оқып үйренуге, қызығушылығын үйрету.
2. Сабақта өз жерінде шыққан атақты адамдар жайлы материалдар жинап, білімдерін толықтыру.
3. Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, мәлімет іздеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Туған өлке табиғатын қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге, өзінің елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Түсінік хат
Өлкетану таңдау курсының бағдарламасына өз өлкеміздің тарихы, географиялық орны, жер бедері, жер атауы, жер аумағы, пайдалы қазбалары, өнеркәсібі, өсімдіктері мен жануарлары, ауыл шаруашылығының ардагерлері, ауданымыздың білім беру саласындағы майталмандары, Ұлы Отан соғысының батырлары, ауған жауынгерлері, ақберен батыр М. Өтемісұлы, дүлдүл ақын М. Мөңкеұлы, өнер саңлақтары жайындағы еңбектері еніп отыр.
Өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жеткізіп, тарихына сыр шертуге, ізденіс қабілеттерін дамытуға, қосымша материалдармен жұмыс істеуге дағдыланады.
Алынып отырған барлық тақырыптар оқушылардың туған елге, туған жерге, елтану біліміне деген сүйіспеншіліктерін, ұлтжандылықтарын білдіреді.
Бағдарламалық материалдар оқушылардың өз білімдерін тереңдетуге әсер етеді, оқушылар қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама жоба ретінде Заманауи сабақты дамыту ресурстары: интербелсенді кіріктіре оқыту тақырыбында өткен курста тыңдалып, қорғалды.
Курстың оқу жоспары 4 - сыныпқа арналып жасалынған. Жалпы сағат саны - 34 сағат бөлінген.