Сөз туралы түсінік (280 – 284 жаттығулар)
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлемнің сөздерден, сөзді дыбыстан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіре отырып, сөз белгілі бір заттың атауы екенін ұғындыру;
2. Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру;
3. Дұрыс, орынды сөйлей білуге тәрбиелей отырып, көркемдеп, шебер сөйлей білуге үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрнекіліктік, талдау - жинақтау, т. б.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балаларды сабаққа дайындау
2. Үй тапсырмасын тексеру: демалыс уақытында берілген тапсырмаларды тексеру, бағалау.
3. Өткенді пысықтау: Дыбыс түрлері, сөйлемдер туралы алған білімдерін еске түсіру;
4. Жаңа сабақ:
- Әлемдегі барлық дүние түрлі нәрселерден құралады. Мысалы: жаңбыр – су тамшыларынан, орман – ағаштардан тұрады. біздің сөйлеу тіліміз – сөйлемдерден тұрады.
- Ал, сөйлемдер неден құралады? (оқушылардың сөз туралы қаншалықты білетіндіктерін тексеру)
- Сөздер неден құралады? Дыбыстар ше?
(оқушылар дыбыс, әріп, сөз, сөйлем туралы ережені естеріне түсіреді.) Енді мына суреттерге назар аударайық: (адамдардың бір - бірімен сөйлесіп тұрған сюжетті суреттері)
- Бұл суреттерде адамдар не істеп отыр? Олардың осы іс - әрекеттерінен олардың қандай қарым - қатынаста екенін аңғаруға болады? Еңбек, сөз мақал - мәтел білесіңдер? (өздері білетін мақалдарын айтады)
280 - жаттығу: әр бағанда не жазылғанын тауып, оқып, бір - бірінен өзгешелігін ажырату:
І баған: әріптер; ІІ баған: қосымшалар; ІІІ баған: сөздер
- Бұл жаттығу бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? (өз ойларын ортаға салады)
- Онда мынандай тұжырымға келейік: (плакатқа жазып ілу)
ДЫБЫСТАР
Т, ү, й, е, м, а, л, д, ы, ң ү, л, к, е, н, і
Әріптер дербес тұрғанда еш мәні жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады.
СӨЗДЕР
Түйе, Мал, Үлкен
Әрқайсысы белгілі бір мағынада айтылады, дыбыстан құралып, буынға бөлінеді.
СӨЙЛЕМДЕР:
Түйе – малдың үлкені.
Белгілі бір ойды бейнелейді. Сөздердің дыбыстық өлшемі әр түрлі болады.
5. Сөздік диктант:
Әйнек - шәйнек, Күрек – жүрек, бүйрек – үйрек, адам – қадам, айту - қайту.
- Бұл сөздер неге өзгерді? Әріптер сөздің қай жеріне жалғанып, сөзді өзгертіп тұр??
6. Сергіту сәті: Көжегім тұршы, бетіңді жушы.
Айнаға қарашы, шашыңды тарашы
Таза боп киінші, Мектепке жүгірші.
283 - жаттығу: Жұмбақты оқып, шешуін табу, қарамен жазылған сөздердің мағынасын талдау, не себепті өзгергендіктерін анықтау
7. Қорытынды: Кім тапқыр? ойыны: өздерің көріп отырған
сағатта 12 әріп бар, сол әріптерден 21 сөз шығару керек.
- Сонымен сөз неден құралады екен? Ал сөйлем неден құралады?
- Әріптер дербес тұрғанда мағыналы сөз бола ала ма? Неліктен?
Не қалады? өлеңін оқи отырып, сабақты қорытындылау:
7. Бағалау.
Қарағанды облысы, Жаңа арқа ауданы,
Б. Амалбеков атындағы ЖОББ мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Сауытбаева Гульжазира Серикбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі Ибикенова Карлыгаш Кылышевна