Сарапшыны тағайындау

Скачать

Алгебра11 сынып

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы функция және интеграл (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: алғашқы функция және интеграл тақырыбы бойынша қайталау, білімдерін бекіту, жалпылау, тереңдету. ҰБТ - ге дайындау.
2. Дамытушылығы: оқушыны ұқыпты тыңдауға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алуға үйрету және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, уақытын үнемді пайдалануға үйрету. Сол арқылы ҰБТ - де жоғары көрсеткішке ие болу.
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: Практикалық, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, тест
тапсырмалары

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жауап парақтары

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың қажеттілігі туралы.
3. Оқушылардың білімін тексеру.
4. Есіңде ме, формула?
5. Кім жүйрік? Ауызша есептер шығару.
6. Зерделілер сайысы. Есеп шығару.
7. Тест.
8. Қорытындылау. Бағалау
9. Рефлексия.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сарапшыны тағайындау
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сабақтың ұраны:
Біле бер қанша білсең -- тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың қажеттілігі туралы.
Механикада материалдық нүктенің жүрілген жолы белгілі болғанда оның жылдамдығын, үдеуін туындыны қолданып табуға болады.


Скачать


zharar.kz