Құрметті ұстаздар, аналар және қыз - келіншектер!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемгі күндей құлпырып жүздеріңізден күлкі мен қуаныш кетпей жүре беріңіздер. Игі бар жақсылықты айта отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке - бірлік тілейміз.
Ұжымда абыройлы, ортада сыйлы да құрметті болыңыздар – деген тілегімізді төмендегі өлең жолдарына жалғаймыз
8 Наурыз қуанышқа бөлесін,
Әкелсінші жаздың жылы елесін,
Барлық ана аман болып елімде
8 Наурызға жете берсін келесі.
Құтты болсын аналардың мейрамы,
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары.
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.
Ізгі ниетпен:
103 орта мектептің директоры
Сейлхан Бердібекұлы
Толық нұсқада жүктеу