Албырт сезім көзіңнен ұшырды үміт, айта алмай мысың құрып

Скачать

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Көңілің ауасындай тымық қырдың, бәрін де ұғып тұрдым
бәрін де ұғып тұрдым.
Жанарымнан от - ұшқын шашылғанмен,
жанымда тұнып тұр мұң -
сен мені ұмыт, құрбым.
Елтіме бар жаныңмен құлап маған,
сеземін - ұнап барам.
Тәкаппарлау өр болып көрінгенмен,
мен сәтте жылап қалам -
көңілім жыраққа алаң.
Албырт сезім көзіңнен ұшырды үміт,
айта алмай мысың құрып...
жайраң қағып, жарқылдап күлгеніммен,
қайғы тұр ішімді үгіп -
айтқызбай түсін, жігіт.


Скачать


zharar.kz