Әтешті құрастырамыз
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру.
Мақсаты: әтешпен таныстыру, ұжымдаса әрекет ете отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Балалардың сөздік қорларын дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: ПВХ - дан жасалған
үлестірмелі материалдар әтештің суреттері және ПВХ материалынан жасалған құстар.
Билингвальды компонент: әтеш – петух.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң көздерім!-
Қайырлы таң құлақтарым!-
Қайырлы таң қолдарым!-
Қайырлы таң достарым!-
Балалар бізді таңертеңгісін айқайлап не оятады.
Балалар сендерге жұмбақ жасырсам жауабын тауып бересіңдер ма.
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таңатпай .
Айнытпай сал қим\ойыны.
Әтешке қарап ән салып,
Әнші болған балалапан.
Әтеш болып шақырып,
Соқшы қане алақан.
Мен қоразбын, қоразбын.
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып,
Оятамын жар салып!
Ку - ка - ре - ку.
Балалардан тақпақтарын сұрау.
Билингвальды компонент: әтеш – петух.
Ұйымдастыру - іздестіру
- Сергіту сәті:
Қанатымды жазамын,
Жоғары - төмен қағамын,
Әтешке ұқсап сілкініп,
Айқайлап әнге саламын.
- Бүгін біз сендермен әтешті құрастырамыз.
Педагог тақтаға әтеш бөліктерін
- құрастырып көрсетеді.
Балаларға жеке көмек көрсетіледі
Рефлексивті - қозғаушы
Әтешті тап дид\ ойын
- Балалар бүгін біз немен таныстық.
- Әтеш қайтып шақырады.
- Әтеш үй құсыма дала құсыма.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әтештің үй құсы екенін.
Түсінеді: ұжымда жұмыс жасау дағдысын;
Игереді: әтеш бейнесін құрастыруды.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №11 Балапан балабақшасы
Тәрбиеші: Аблаева Венера
Толық нұсқасын жүктеу