Басып шығаруға арналған құрылғы

Скачать

8 сынып
Ақпараттар әлемі сайысы
Мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату. Өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, құрастыру.
Көрнекілігі: Құрастырма суреттер,
Құрал жабдықтар: Компьютер, А4 парақтары
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар сайысымызға қатысушы жас өрендер.
Бүгінгі Ақпараттар әлемі атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
1.__________
2.__________
3.__________
Сайысқа үш топ сайысқа түспекші.
І топ Монитор тобы
ІІ топ Пернетақта тобы
ІІІ топ Процессор тобы

Монитор тобы:
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарысты алғырлықпен аламыз.
Топ мүшелері:_______

Пернетақта тобы
Қандай сынақ болса – дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Топ мүшелері:_______

Процессор тобы
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
Топ мүшелері_______

Сайыс кезеңдері:
1 - тур. Сан сұраққа саяхат
2 - тур. Қатесін анықта
3 - тур. Тіл өнер
4 - тур. Сиқырлы сөздер
5 - тур. Адасқан әріптер

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

І КЕЗЕҢ
Сан сұраққа саяхат сұраққа жауап беру
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.
І топқа.
1. Алғашқы есептеу құрылысы
2. Қолға алып жүретін компьютер
3. Сурет салуға арналған программа
4. Вирусты жоятын программа
5. Компьютердің негізгі құрылғылары
6. Компьютердің миы
7. Джойстик дегеніміз не?
8. Енгізу құрылғысы
9. Paint редакторының жұмыс аумағында қанша құрал бар?
10. Файлдар жиыны
ІІ топқа.
1. Компьютердегі ақпараттарды жоятын программа
2. Компьютер жанындағы өсімдік?
3. Интернетке қосылуға арналған құрылғы
4. Басып шығаруға арналған құрылғы
5. Өшірілген объектілері орналасатын папка
6. Компьютердің қосымша құрылғылары
7. Бейне материалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы
8. Мәтіндік редактор
9. Дыбыс шығару құрылғысы
10. Пернетақта неше пернеден тұрады тұрады?
ІІІ топқа.
1. Үлкен темір қорап
2. Компьютер теледидары
3. Терезенің орысша атауы?
4. Дүниежүзілік желі?
5. Компьютердің негізгі құрылғылары
6. Дыбысты жазатын құрылғы
7. Компьютердің маманы
8. Тышқан сөзінің орысшасы
9. Антивирус дегеніміз не?
10. Принтер мен сканер компьютердің қосымша құрылғыларына жатама?

2 КЕЗЕҢ
Қатесін анықта әр топқа мәтін беріледі. Сол мәтіндегі қателіктерді табу керек.
І топқа.
Мен сканер мен пернетақтаны іске қосып, компьютерді қостым. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаландым. Жазған ақпараттарымды қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолдандым.
ІІ топқа.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдаймын.
ІІІ топқа.
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып жоюға болады. Жазылған мәтінімді шығару үшін колонкаларды пайдаланамын.

3 КЕЗЕҢ
Тіл – өнер жұмбақтарды шешу.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)

2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды (пробел)

3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)

5. Батырмасын бассаң
Қажетті файлды ашасың (тышқан)

6. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан. (флешка, диск, дискета)

4 КЕЗЕҢ.
Сиқырлы әріптер. Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет
1 – топ. – Пернетақта.(перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,....)
2 – топ. – Бағдарлама.(бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,...)
3 - топ. – Информатика(мата, информатик, ит, форма, формат, орман, ана, рим, ритм, ата, ар, ат,.)

5 КЕЗЕҢ.
Адасқан әріптер. Адасқан әріптерден сөз құрастыр.
І топ.
1. Нимотор (монитор)
2. Комтерпью (компьютер)
3. Ернетақтап (пернетақта)
4. Лайф (Файл)
5. Кулкальторя (Калькулятор)
6. Таусақ (Сақтау)
7. Электринока (электроника)
ІІ топ.
1. Иннеттер (интернет)
2. Микфонро (микрофон)
3. Канерс (сканер)
4. Ксид (диск)
5. Просорцес (процессор)
6. Ранкэ (экран)
7. Ирусв (вирус)
ІІІ топ.
1. Шынтақ (тышқан)
2. Терпинт (принтер)
3. Тезере (Терезе)
4. Тайб (байт)
5. Кафлеш (Флешка)
6. Репне (перне)
7. Қатта (тақта)
Сайысты қорытындылау.
Қатысушы топтарды марапаттау.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кезекте аділ қазылар алқасының шешімін тыңдайық.


Скачать


zharar.kz