Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру

Скачать

Білім көздері: Сауат ашу және жазу
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, жалпы ой - өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі материалдар.

Ұйымдастыру
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Негізгі бөлім. Дауысты дыбыс туралы түсінік беру. Кесте пайдалану арқылы дауысты
дыбыстармен таныстыру: а, ә, и, о, ө, е, у, ұ, ү, ы, і, ю, э, я.
Дауысты дыбыстар еш кедергісіз, еркін айтылады. Созып, әндетіп айтуға болады. Мысалы: а - а - а, ә - ә - ә, о - о - о т. с. с.
Суреттерді көрсету. Балалар суреттерді атап, сөздерді буынға бөледі. Ол сөздерде кездесетін дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшелігін ажыратады.

кө - бе - лек, о - рын - дық, үй - рек, кі - тап, ба - лық.
Неше дауысты дыбыс болса, сонша рет қол шапалақтайды.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қоялық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық!
Ұйқасын тап дидактикалық ойыны.
Орыннан орынға ауысқан,
Ұшқалақ қара ала..... (сауысқан)
Бәрі бірдей жұмысқа
Шығады кім? (құмырсқа).
Әліппе дәптермен жұмыс.
а) Берілген суреттер бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне белгілерін (қызыл – дауысты дыбыс, көк – дауыссыз дыбыс) салады.
әке ана бала қамшы торсық
ә) Кестенің ішіне жетпей тұрған төртбұрыштың суретін салып, оны бояу.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық жүктеу


Скачать


zharar.kz