Мұғалімі: Касенова Куляим Кутукеевна
Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Тәуелсіз елім - Қазақстан
1 - жүргізуші
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.
2 - жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған Тәуелсіз елім - Қазақстан сыныптан тыс шарамызға қош келіпсіздер
1 - жүргізуші
Көрдік қой зорлық оспадар жандар көрінен,
Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.
Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан ғып,
Қиындықтардың қайыспай өткен бәрінен.
2 - жүргізуші
Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бәрі.
1 - жүргізуші
Жалған емес, бұл шындық, дастан - әнім,
Бостандықтың ол бұзды тас қамалын.
Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың,
Қыршынынан кім қиды жасқанатын?
Ләззат:
Он алтыда қиылдыммен,
Табанын да танкінің.
Ләззат атты құрбанымын,
Қазақ деген халқымның.
Шағаладай қалықтаған,
Көк теңізді жағала.
Ләззат дейтін мен болам,
Аспандағы шағала.
Туған халқым - қазағым,
Сенің үшін жанамын.
Енді қайтіп көрмейік,
Желтоқсанның азабын.
1 - оқушы:
Ұяңнан ұшып шығып, оралмадың,
Ауылың Ақжазыққа қона алмадың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.
2 - оқушы:
Небәрі 16 - дан асып едің,
Балалық бал дәуренмен тасып едің.
Қазақтың салт - дәстүрін, жолын қуып,
Өмірге енді қадам басып едің.
Толық нұсқасын жүктеу