Тақырыбы: Өлеңі өртке тиген дауылдай
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының жауынгері, ақын Қасым Аманжолов шығармашылығымен таныстыру, оқушыларды адалдыққа, ел намысын қорғайын төзімді азамат болып өсуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәнін, шығармашылық қабілетін дамыту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе сөз: Көзі тірісінде-ақ ақиық, асау, асқақ ақын ретінде танылып, күллі қазақтың сүйікті перзентіне айналып, бас айналдырар даңқ биігіне көтерілген Қасым Аманжолов өмірден өткеннен кейін аты тіпті дүркіреп, атағы тіпті ақиқаттан да асып., аңыз адамға ұласа бастағаны бәрімізге мәлім. Ақын өмірден өткеннен кейін тым тентек, еркін бір кездері тыйым салынған шығармашылығына да жол ашылып, ақын Қ.Аманжолов өмірі мен өнері тұтас және мұқият бағалана бастады. Ақынның замандасы М.Мақатаев кезінде ақынның ұлылығын мойындаған және басқаларға да мойындатқысы келген. Оған Қасым деген – қалғыған жанартау ғой , - деп аталатын өлеңі куә!
Дейсіңдер-ау! Қасымның несі қасым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
Қуат алып жырынан бәз даладан,
Ол жалған.
Күні жоқ-ты маздамаған!
Өлісінде өнеге болғаны анық,
Тірісінде біреуге жазғаны Адам...
Жанын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкәппар жан,
Қан мен тас аралас тарлан-жарды.
Жеді.
Тынды...
Керемет дерттер төніп,
Кең кеудеде кетті ғой дерттер сөніп.
Қасым деген - қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
Бір күй бар домбырамда..
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым?!
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..
Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арнап өткізіліп отырған Өлеңі өртке тиген дауылдай атты ауызша журналымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ауызша журналымыздың 1-ші беті Қасым деген қалғыған жанартау ғой деп аталады.
Аманжол Рахымжанның Қасымымын
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын, - деп дауылпаз ақын өзі айтқандай бұл бөлімде Қасым атамыздың өткен өмірімен таныс боласыздар!
Өмірімен таныстыратын Әнуарбек Шахноза.
Журналымыздың келесі беті Өзге емес өзім айтам өз жайымды деп аталады.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді,
Қасымның өзі емес деп кім айтасың!- деп жырлаған Қасым атамыздың шығармашылығына кезек береміз.
1. Ролан Жәнібек – Өтеді күндер
2. Жаңабай Нұртуған – Дариғашым, дариғашым
3. Бөкенбай Ғалымжан – Нар тәуекел
4. Кәдірхан Әсел – Ғабдолға
5. Кеңес Алма – Абай арманы
6. Ертас Жандәулет – Сарыарқа
Адам болып туғанмын, адамша өтем,
Аямаймын, барымды беріп кетем , - деп ақын атамыз өзі айтқан екен. Келесі кезекті Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған
Ән: Өзім туралы
Орындайитын: Жаңабай Нұртуған.
Іздеймін деп Жерұйық , желдей желген,
Асанқайғы емеспін Қасыммын мен.
Қорқытта емеспін елсізде, көр басында,
Қобызымен сырласып күңіренген, - дей келе ақын шығармашылығын жалғастырамыз.
7. Каналбек Айжан - Бауыржан
8. Ахмет Дархан – Елге хат
9. Алдан Рахымжан – Үстімде сұр шинелім
10. Есбол Асқар – Алматы
11. Сүйеова Жібек – Өмір сыры
12. Қарғабай Ақбаян – Шыңғыстауда
13. Бөкенбай Бауыржан – Атамекен
Нұрлы дүние – думанды елім,
Жарқырайсың жас айбынмен.
Бір сен үшін туған едім,
Бір сен үшін жасаймын мен!- деп жырлаған. Қасым атамыздың әніне кезек береміз.
Ән: Туған жер орындайтын Каналбек Айжан
Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,
Еркелеме, ей, жігіт, еспе дер кім?
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтермін, - осы сертім!
Ауызша журналымыздың келесі бөлімі Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын төрге шығарған - Қасым деп аталады. Енді ақын туралы айтылған пікірлерді, естеліктерді тыңдаңыздар!
1. Серік Ақсұңқарұлының пікірін оқитын Ертас Жандаулет
2. Серік Қирабаевтың пікірін оқитын Рулан Жәнібек
3. Жары Сақыпжамалдың пікірін оқитын Сүйеова Жібек
4. Қызы Дариғаның пікірін Қарғабай Ақбаян оқиды.
Сол мұражайдағы күнделігінен үзіндіні Ахмет Дархан оқиды.
Еркіндік алған қазір сүйген елі,
Көп елден еңсесі озық іргедегі.
Ақынға берді көше, мектеп атын,
Бір кезде бір баспана тимеп еді,
Жасын сыр жанартаудай атылатын,
Бірде нұр, бірде мұңға батыратын.
Сақтаған жүрегінде аяулы еді,
Ардақтап жатыр бүгін ақын атын.
Ақынның орындалып ұлы арманы,
Қонғандай қолыңа кеп қиялдағы.
Қашанда оттай жанған Қасым жыры,
Жылытып жүректерді тұрар мәңгі!
Осымен Өлеңі өртке тиген дауылдай атты ауызша журналымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдап, қатысқандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
Сау-саламатта болыңыздар!
Слайдын жүктеу