Жаңа сабақ түсіндіру

Скачать

Информатика 8 сынып:
Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритмдер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін - өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың түрі: топтық, жекелей
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Практикалық
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, карточкалар, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, ағылшын тілі.
Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын қайталау
а) (Лото ойыны, тапсырмалар)
3. Жаңа сабақты түсіндіру (Сөзжұмбақ) Ішіне - сыртына
4. Практикалық жұмыс
5. Сабақты пысықтау (тапсырмалар)
6. Үй тапсырмасы
7. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Лото ойыны
1. Алгоритм дегеніміз не? (Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі.)
2. Алгоритмдерді ұсыну тәсілдерін ата (табиғи тілде, графикалық тілде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде)
3. Алгоритм түрлерін ата (Сызықтық, тармақталған, циклдік)
4. Сызықтық алгоритм дегеніміз? (Әрекеттерді тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады)

3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Ішіне - сыртына . Кестенің ішіне Паскаль программалау тілінде қолданылатын операторларды жазады, ал сыртына программалау тіліне жатпайтын сөздерді жазады.

Ортадағы ерекше тор көздегі сөзге назар аударайық. Branched сөзі ағылшын тілінен аударғанда тармақталған деген мағынаны береді екен. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.


Скачать


zharar.kz