Шегіртке мен құмырсқа кімнің шығармасы

Скачать

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 орта мектеп - гимназиясының
Бастауыш класс мұғалімі
Барышева Лаура Жәңгірқызы

Сабақ тақырыптары:
1. Егінші мен қасқыр
2. 9 санын қосу және азайту
3. Зат есім

Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр.
С мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін жинақтай, тексере отырып, нанның жасалу жолы, қандай еңбекпен келетіндігі туралы түсіндіру. (басшылыққа ертегіні алу).
Оқушылардың ой - өрісін, білімін, есте сақтауын, сөздік қорын рөлге бөліп оқуға үйрету, дамыту.
Еңбекшіл болуға, маман иелерінің еңбегін бағалай білуге, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
С. типі: аралас С. әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жин у
С. түрі: дәстүрлі
С. көрнекілік: слайд, диск, қосымша карточкалар

Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй жұмысын тексеру
а) Үйге не берілді?
ә) Мысал не туралы?
б) Мысал дегеніміз не?
5 минут матрица
Кім жылдам? - ойыны. Мұнда сұрақтарға жауап бере отырып жасырылған сөздерді ашып 1 мақал шығарамыз.
1. Шегіртке мен құмырсқа кімнің шығармасы? (Крылов)
Қазақшаға аударған кім? (Абай) ---(Еңбек)
2. Абай кім? ------------------------------------(етсең)
3. рөлге бөліп оқу ----------------------------------(ерінбей)
4. шегіртке неге жылады?
бойындағы жаман қасиет не? -----------------------(тояды)
5. Құмырсқа туралы не білеміз? ---------------------------(қарның)
6. Өмірде шегіртке мен құмырсқа қандай адамдар?------- (тіленбей)
Осы мақалдың мысалға қатысы бар ма?

Жаңа сабақ.
- Ендеше қарын тою үшін не істеу керек екен? еңбектену
- Сендердің еңбектерің не?
- Дұрыс, оқу арқылы біз болашақта мамандық таңдай аламыз, жұмыс жасай аламыз екен.
- Ал, енді айта қойшы қарынды тоқ қылатын ең дәмді ас не? нан.
- Нан алдымызға қалай келді?
- Егін егетін адамды кім дейміз?
- Олай болса біз бүгін не туралы оқимыз екен?
Егінші мен қасқыр.
Дәптермен жұмыс.
Күн жады - тақырыбы.
Ертегі дегеніміз не?
- Мен ертегіні оқимын, ал сендер оқи отырып өздеріңе түсініксіз сөздердің астын түртіп отыр.
Сөздік жұмыс.
Баулау - жинақтау, жинау.
Сөздік жұмыстан іздету, мағынасын өз бетімен табу, дәлелдетуге үйрету
маялау -
бастыру -
Ертегінің қай түрі? неге?
Егінші қасқырға нанға қол жеткізу үшін не істеу керек деді?
Ертегінің бөліну жолын сызбаға түсіре отырып, дәлелдету
Ертегі түрлері:

Сергіту сәті.
Сызба – слайд - ертедегі мен қазіргі заманды салыстыру.
Жер жырту тырмалау → тұқым себу күзде қара бидай егу → көктемде жер бетіне шығу, жазда піседі → орасың баулайсың маялайсың, кептіресің, бастырасың → диірменге апару, нан, қамыр илеу
Бидайдан жасалатын өнімдер. (слайд)
Бекіту: сонымен қасқыр мұндай істі жасай алатын болды ма?

топтық жұмыс.
Нанды құрметтеу ережелері. Ырым - тиымдар
Нанды баспа.
қиқымын шашпа
нанмен ойнама
нанды қолмен үзген (мұсылмандар)

мақал - мәтел ас туралы.
не үйрендік?

Бағалау. Үйге: оқу, мазмұндау.


Скачать


zharar.kz