Балаларға көбелектердің суреттерін көрсету

Скачать

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы аулы.
Балабақша тәрбиешісі Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы

Тақырыбы: Жарқын көбелектер
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сурет салу
Пән аралық байланыс: айналамен таныстыру, көркем әдебиет
Мақсаты: - қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту;
бояуды таңдауға, бірнеше түстерді қосу арқылы қажетті түс шығарып алуға үйрету;
кляксография тәсілімен таныстыру.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: көбелектерді бақылау
Көрнекіліктері: ақ қағаз, көбелектің суреттері, қарындаштар, палитра, бояу, қылқалам, су құятын құты.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, сергіту сәті, өлең оқу, кляксография.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң достарым!
Балаларға А. Сарсековтың Көбелек өлеңін оқу:
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп,
Тақиямның астына
Тығыла ғой, көбелек.
Балаларға көбелектердің суреттерін көрсету. Олардың қандай болатыны жайлы балалардан сұрау.

– Көбелектер қандай болады?
– Көбелектер не жақсы көреді?

Сергіту сәті.
Көбелек - ау, көбелек,
Біздің гүлге қона кет.

Балаларға жұмысты орындалу ретімен көрсете отырып таныстыру.
1. Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызу. Бояудың жарты бөлігі су болады. Енді бояуды сумен араластырамыз.
2. Араластырған бояуға қылқаламды батырамыз. Қылқаламмен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз. Алдымен сары, одан кейін қызыл түс, содан кейін көк түсті кезекпен тамызамыз. Әрбір бояу түсін пайдаланған соң, қылқаламның ұшын тазалап жуып отырамыз.
3. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен оң жақ қанатын беттестіреміз де оны қолымызбен үстінен сипаймыз. 1 - ден 5 - ке дейін санаймыз.
4. Көбелектің қанатын ашамыз.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz