Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№45 Ақ Орда мектеп - гимназиясының
физика пәні мұғалімі А. Е. Сейілова
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теориялық алған білімдерін тест есептерін шығарта отырып жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Білімділік: Оқушылардың электр өрісінің энергиясы бойынша алған теориялық білімін есептер шығарту барысында жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың таным, білім, білік қабілеттерін арттыру барысында ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылылыққа, шапшаңдылыққа, есепті тиімді жолмен шығара білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточка
Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгелдеп назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын сұрау
ІІІ. Үй жұмысын бекіту сұрақтары:
1. Электр өрісі энергиясындағы зарядтың орнына конденсатор зарядының теңдеуін қойған кездегі электр өрісінің энергиясының теңдеуін атаңдар
2. Электр өрісі энергиясының тығыздығының теңдеуін атаңдар.
3. Электр өрісі энергиясының теңдеуіндегі конденсатордың сыйымдылығының орнына жазық конденсатордың теңдеуін қойған кездегі электр өрісінің энергиясының теңдеуін атаңдар
4. Біртекті ортадағы электр өрісінің кернеулігінің теңдеуін атаңдар
ІҮ. Жаңа сабақ.
Электр өрісінің энергиясына есептер шығарту.
3 - нұсқа. №25. Өріс кернеулігі 10 МВ м - ге жеткенде конденсатордың тесілуі байқалатын болса, оған 3, 1 мкКЛ заряд беріледі. Жазық конденсатордың ауданы