Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім

Скачать

География пәнінде ақпараттық технологияны қолдану

Қай елде болмасын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен арнайы шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Еліміздің тәуелсіздік алып ұлттық даму жолына түсуі білім беру ісін жолға қоюды талап етіп әлеуметтік маңызды істерді жолға қоюды талап етті Осы маңызды талаптардың бірі білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Бүгінгі таңда оқу үрдісін сапалы, әрі тиімді өткізудің басты алғышарттарының бірі әртүрлі инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланып сабақ беру болып табылады. Солардың бірі – ақпараттық технология. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ.
География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтар мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
Жаңа ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап даму жолына жол ашылып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық.

Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады. Электрондық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т. б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға ете тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

— кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
— жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын
болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
— гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.
Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. География пәніне қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кино фильм дер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипер мәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.
География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты.

Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Соның ішінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан - жақта ашылуына жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады.
Интернетті қолдану жөнінде төмендегідей тұжырымдар жасауға

болады:
- интернет студентке материалды асықпай мұқият оқуға
жағдай жасайды;
- интернет алынған ақпаратқа талдау жасауға мүмкіндік береді;
- интернет оқушының өз бетімен жұмыс істеуді әдетке айналдыру
қабілетін оятады, өзіндік пікірін қалыптастырады.
Ресей ғалымдары О. И. Агапова, О. А. Кривошеев, А. С. Ушановтар компьютерлік оқыту технологиясының үш деңгейін бөліп көрсетті. Олардың айтуы бойынша, компьютерлік технология – бұл әдістер жиынтығы, адамның даму үрдісіндегі іс - әрекеттің формасы мен қаруы. Оқыту технологиясының негізі білім беру ақпаратының мазмұнына лайықты құрылу қажет
1. Компьютерлік технологияның алғашқы деңгейі өз негізінде оқытудың қалыптасқан түрі мен әдістерін сақтайды. Ол классикалық оқулықтар мен оқыту кітапшаларына негізделеді, бірақ білім беруде сапаны арттыру мен ұғымдарын қадағалауды күшейтуде компьютер қолданылады.
2. Компьютерлік оқыту технологиясының екінші деңгейі дәстүрлі мазмұнға негізделіп құрылады. Бұл орайда ол интерактивті тақтаны компьютерлік программалар арқылы пайдалана отырып, білім беру жүйелері негізін жан - жақты зерттелген, шынайы өмір құбылыстарымен байланыстыра қолданады.
3. Компьютерлік технологияның үшінші деңгейі біріккен білім үрдісі болып, дәстүрлі емсе мазмұнға, түрге әдіске және оқу жүйесіне негізделеді. Үшінші деңгейде компьютерлік оқыту технологиясы көмекші оқыту технологиясы ретінде емес, негізгі қажеттіліктердің біріне айналады.

Адамзат өркениетінің бүкіл дамуын ғылыми технологиялық прогресспен тығыз байланысты Қазіргі қоғам өмірін ақпараттық құрал дарынсыз, тұрмыстық техникасыз елестету мүмкін емес. Олай болса, ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры десек бұл география ғылымына да қатысты.


Скачать


zharar.kz