Қарым - қатынаста біз қандаймыз

Скачать

Тақырыбы: Қарым - қатынаста біз қандаймыз?

Мақсаты: Оқушылардың бір - бірімен қарым - қатынасын жақсарту, адамгершілікке, шындыққа, достыққа, тәрбиелікке үйрету. Бұл тренинг жаттығу арқылы бір - бірін жақсы білуге, ортада өз ойларын бөлісуге, ашық болуға, ешнәрседен қорықпауға үйрету.

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар және оқушылар! Қарым - қатынаста біз қандаймыз? атты тренингке қош келдіңіздер.
әрбір адам өмерге келген қонақ. өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өту үшін адамдар бір - бірімен сыйластықта болуына не жетсін? Олай болса, бүгінгі тренинг осы қарым - қатынасты жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.
Қарым - қатынас дегеніміз не?
Қарым - қатынас адамдардың бір - бірімен білім, еңбек, жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі. Қарым - қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады.

Ұйымдастыру кезеңі.

Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп мен бүгін,
Қарадым саған да.
Шуақпен төгіп нұр

Мен қандаймын? ойыны
Балалар шеңбер құрып тұрады. Ортаға бір орындық қойылады. Әркім кезекпен орындыққа отырады. Қалған оқушылар “ол қандай?”деген сұраққа жауап беру үшін отырған ойыншының бойындағы жақсы қасиеттерін тізбектеп айтып береді. Ойынның қорытындысы бойынша “Менің ойымша, мен...”деп мінездеме береді.

Көңіл күй туралы не білеміз?
Көңілді болғанда...
Ренжігенде...
Қорыққанда...
Қуанғанда...
Таң қалғанда...

Ашулы шар
Оқушыларға шар беріп, оның үрленуін сұраймын. шарды үрлеп, аузын байлап жарады және шарды үрлеп желін жаймен шығарады?

Талдау. Біздің көңіл - күйімізде осы шар сияқты ашу - ызаңды толық шығарып жіберсе басқа адамдармен қарым - қатынасыңа зияны тиеді. Жақсы қарым - қатынас үшін ең алдымен сабырлық қажет

Сергіту сәті
Біз сіздермен Бумба – Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Бір - бірімізді мұрындарыңызбен үйкелейсіздер және бір - бірлеріңіздің арқаларыңызды түйістіресіздер.

Психогеометриялық фигуралар таңдау
Шарты: Әрбір оқушы өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны таңдағанын түсіндіріп кетеді
Талдау.
Төртбұрыш Таңдағандар қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық
қабілеті басым жандар
үшбұрыш - Таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар
Тіктөртбұрыш - Жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар
Шеңбер - Осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын, қуанышын бөлуге даяр тұратын жандар
Ирек сызық - Таңдағандар, шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар

Сын сағаты
1. Сабақта “2” алып қалдыңдар, оған ұстазың да, анаң да қатты ренжіді.
Сол ренішті қалай өтер едің?
2. Мектепке жаңа доп алып келдің, ойнап жүріп досың добыңды жарып
қойды. Не істейсің? Үйдегілерге не айтасыңдар?

“Менің досым”атты қозғалмалы ойын

Бір қадам досымызға (1қадам алға)
Бір қадам өзімізге (өз орнымызға қайтып келеміз)
Сен менің досым (оң жақтағы көршісін құшақтай) Сен де менің досым (сол жақтағы көршісін құшақтау)
Бәріміз доспыз!
(Алақан жылуымен бір - біріне тілек айту)

Қорытынды
Ұлы Абай атамыз қара сөзінде Қашан баланың ғылым - білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды. Оның адам болғанына үш түрлі нәрсе себеп болады.
1. Жақсы ата - ана
2. Жақсы ұстаз
3. Жақсы құрбы - құрдас - деген екен. Сондықтан да жақсы қарым - қатынаста болайық. Қош, сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz