Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Тараулар: Қарапайым математика
Тақырыбы: 4 санымен танысу
Мақсаты: Білімділік: 4 санымен таныстыру, дұрыс санай білуге үйрету.
Дамытушылық: логикалық ойлауың, пәнге қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: жеке жұмыс істей білуге, достық қарым - қатынасқа еркін түсуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Көрсету, айту, түсіндіру.
Құрал жабдықтар: 4 санының суреті, жеке суреттер, бейнетаспа, жеке тапсырмалар, логикалық ойындар.
Қостілдік компоненттер: төрт - четыри.
Ынталандырушы оятушы
Шаттық шеңбері:
- Балалар бүгінгі арайлап атқан күннің көзі қандай?
- Күнге қараңдаршы, күн мұңайып тұр. Қане барлығымыз күннен бүгінгі күніміз жақсы өтуін өтінейікші.
- Күн мен сені жақсы көремін,
- Күн мен сенен өтінемін!
- Сыйла маған қуаныш пен мейірім,
- Сыйла маған жылулық пен кешірім.
- Балалар күн күлімдеді ол бізге тосын сый дайындапты.(музыка қосылады)
- Балалар көңіліміз көтерілді ме?
Ұйымдастырушы ізденуші
- Балалар орнымызға отырайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде табиғат бізге қандай өзгерістер әкеледі?
- Қыс мезгілінде біз қалай киінеміз?
- Қыс мезгілінде қардан не жасаймыз?
- Қыс мезгілінде біз далада немен ойнаймыз?
- Өте жақсы.
- Балалар бүгін біз қарапайым математикадан жаңа төрт санымен танысамыз. Оны бастамас бұрын біз өткен сандарды қайталайық.
- Қанекей біз қандай сандармен таныстық?
- Осы сандарды тура және кері санайықшы1, 2, 3. 3, 2, 1
- Енді осы сандарды ауада жазып көрсетейік.
- Балалар бір санын орыс тілінде қалай айтады?
- Екі санын ше?
- Ал үш санын?
Ойын Кім жылдам
Шарты: Тәрбиеші сандарды қосып, азайтады Балалар оның шешімін табады.
Сергіту сәті:
ШҚО, Аягөз қаласы,
№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Кіші кешен тәрбиешісі Атамбаева Эльмира Победовна
Толық нұсқасын жүктеу