Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі

Скачать

ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы,
№1 жалпы орта мектеп - интернатының
информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Информатика пәнінің апталығы аясында өткізілген ХХІ ғасыр көшбасшысы атты көңілді тапқырлар ойын сайысының бағдарламасы

Барысы:
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Олай болса бүгінгі Жұлдызды сәт ойынын тамашалауға қош келіпсіздер!

2 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі ойын төрінде
Есеп шешіп жырысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
ХХІ ғасыр көшбасшысы атты көңілді тапқырлар ойын сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Бұл сайыстың негізгі мақсаты:
Информатика пәніне деген қызығушылығын артыру, оқушылардың ой - өрістерін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту, еңбекке, өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Олай боса, бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен танысайық:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Ойын шарттары төмендегідей:
 1 кезең БӘЙГЕ
 2 кезең Тосын сұрақтар
 3 кезең Венгр сөзжұмбағы
 4 кезең Кім жылдам?
 5 кезең Жорға

2 - жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Информатика жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ – қазы сайлаймыз.

1 - жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.
Кім білімді, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.
1 кезең

1. Қоршаған орта туралы мәлімет. (ақпарат)
2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (интерфейс )
3. Сегіз биттен тұратын топ ( байт )
4. Белгілі бір атпен дискіде сақтап қойған құжат (файл )
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор

2 - жүргізуші: Ойын толқын айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,


Скачать


zharar.kz