Пәні: ИНФОРМАТИКА
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық массив
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Q Basic бағдарламасындағы сызықтық массив жайында түсіндіре отырып, осы бағдарламада қолданылатын операторларды дұрыс пайдалана білуге үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, ойлау, қабылдай алушылық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын дамыту, білім, білік дағдысын қалыптастыру;
б) тәрбиелік:оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан бағалай алуға баулу, көпшілдікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
в) кәсіби: қазіргі заман талабына сай оқушылардың кәсіби мамандығында пайдаланатын Q Basic бағдарламасы жайында сауаттылығын арттыру.
Сабақтың түрі: лабораториялық сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Қолданылатын пед.технология: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы ДСОТ ,
компьютерлік оқыту технологиясы КОТ ;
Оқыту әдіс-тәсілдері: түсіндіре-баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, миға шабуыл
әдісі, ақпарат әдісі, көрнекілік әдісі;
Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік: компьютер, проектор, слайд, таратпа лабораториялық жұмыстар нұсқасы, тапсырмалар, әдебиеттер
Пәнаралық байланыс: ағылшын, математика, геометрия, сызу
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Информатикадан 30 сабақ , Бөрібаев, Балапанов
2. Информатика , М.Байжұманов, Л.Жапсарбаева
3. Информатика негіздері , Г.Жапарова
4. Есептеуіш техника негіздері , Н.Т.Ермеков
Оқыту нәтижесінде қалыптастырылатын:
білім: Q Basic бағдарламасында сызықтық массивпен есеп шығару жайында жаңа ақпарат
алады: жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
білік: оқушылар сызықтық массивтерді өз бетінше қолдана алады, сол сызықтық
массивтермен есеп шығаруға машықтанады;
дағды: Q Basic бағдарламасында сызықтық массивтерді пайдалану дағдысын меңгереді;
I. Қызығушылықты ояту, ынталандыру.
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
а) сәлемдесіп, оқушылардың кабинеттегі орындарына ұқыпты орнығуын,
компьютер алдында артық заттың болмауын қадағалау;
б) журналға белгі соғу;
в) сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру;
2. Үй тапсырмасын тексеру, өткенге шолу жасау.
а) Бақылау сұрақтары:
1. Қайталану командалары дегеніміз не?
2. FOR операторы қандай қызмет атқарады?
3. WHILE операторы қандай қызмет атқарады?
4. REPEAT операторы қандай қызмет атқарады?
5. Қайталану операторлары қандай қызмет атқарады?
ә) дәптердегі үй тапсырмасын тексеру;
II. Жаңа мағынаны тану.
1. Сызықтық массив туралы жалпы түсінік.
BASIC тілінде бірыңғай шамаларды массивке біріктіруге болады. Жалпы аты бар бірыңғай элементтің реттелген жиыны массив болып табылады. Ол математикада вектор ұғымына ал мектептік алгоритмдік тілде сызықтық кестеге сәйкес келеді. Массивтің әрбір элементіне соңынан индексі келетін массивтің аты меншіктеледі. Сондықтан да массив элементтерін индексті айнымалылар деп те атайды.
Негізгі элементтеріне тоқталайық:
Массивтерді сипаттау үшін DIM операторы қолданылады.
DIM - өлшем деген мағынаны білдіреді.
SWAP - екі айнымалыны салыстырады.
READ – оқы.
2. Массивтерге байланысты мысалдар қарастыру.
Массивтерге байланысты бірнеше мысалдар келтірейік.
Мысалы: 1. Нақты 10 санынан құрылған массив элементтерінің арифметикалық ортасын есептеу:
10 REM
20 DIM X(10)
30 DATA 5,8,5,4,7,9,6,3,12,56
40 FOR I= 1 TO 10
50 READ X(I)
60 S=S+ X(I)
70 NEXT
80 S=S 10
90 PRINT “S=”;S
100 END
Бұл мысалда массив элементтерінің мәндері 30 жолдағы DATA операторына жазылған. Ол мәндер циклдің ішіндегі READ операторы арқылы меншіктеледі, цикл орындалып біткенде S айнымалысының мәні массив элементтерінің қосындысына тең болады, одан кейін ол қосынды 10-ға бөлініп арифметикалық ортасы табылады. Егер басқа массивтің арифметикалық ортасын есептеу керек болса, онда программаның 30-жолына қажетті сандар жазылады.
Мысалы: 2. Нақты n санынан құралған массивтегі ең үлкен элементті табу.
10 REM
20 INPUT N%
30 DIM A(N%)
40 FOR I% =1 TO N%
50 PRINT I%; “ЭЛЕМЕНТ ЕНГІЗ”
60 INPUT A (I%): NEXT
70 R=A(I)
80 FOR I% =2 O N%
90 IF R