Фариза Оңғарсынова өлеңі
Дей алмаймын "жиынның жұлдызымын",
Қуып жүрген бір жанмын жыр қызығын.
Сезім нәзік, ой жүйрік, кейде кекшіл,
кейде жарқын қазақтың бір қызымын.
Сырт адамға сыр бермес жұмбақтаумын,
достарыма аяулы қырмызымын.
Бозбаланы көргеннен ғашық қылған,
естісем деп лебізін асықтырған,
мақтана алман, менде ол қылық та жоқ,
бұған бірақ қымсынып, жасып тұрман.
Жігіттерге өзім де қызықпаймын
көре сала құшағын ашып тұрған.
Жетелейді жанымды арман - ағын,
жолдастарды мақсатпен таңдамадым.
Бүгін жақын, ертең жат адамдардың
мінезіне, мәніне таң қаламын.
Онсыз да өмір құбылғыш,
сезім де оңса,
онда сенің адамдық бар ма мәнің?!