Тауық балапандарымен
Сабақтың мақсаты: Балаларға үй құстары және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге тәрбиелеу. Сұраққа қысқаша жауап беруге дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Тыныс алу дағдысын қалыптастыру. Балалардың саусақ қимыл қозғалыстарын жетілдіру.
Көрнекі құралдар: Тауық пен балапанның ойыншықтары, үнтаспа, тауықтың қауырсыны, үлкен және кіші сары түсті төрт бұрыш қағаздар, тауық пен балапандардың бет перделері, т. б.
Сабақтың барысы: Балаларды шеңберге тұрғызып:
Бала - бала балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың, әйбат,
Былай - былай ойнат,- деп, әннің қимыл - қозғалыстарын айта отырып, жасатылады.
1. Үнтаспа тыңдату.
Үнтаспадан үй құсы, тауықтың дауысын тыңдату.
- Балалар, сендер қандай құстың дауысын тыңдадыңдар?
- Иә, балалар, үй құсы тауықтың дауысы екен?
2. Суретпен жұмыс.
Бүгін біз үй құстарының бірі - тауық пен оның балапандарымен танысамыз. Тауық - ең көп тараған құстардың бірі. Оны мекиен , әтеш - деп екіге бөлеміз. Оның балаларын балапан деп атаймыз.
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
- Балапанның түсі қандай?
- Тауықтарға жем, су береміз. Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне, балалар, суреттен көріп тұрғандарыңдай, әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оның айдары бар, ал қауырсыны түрлі түсті болады.
Тауықты сипаттап көрейік (жұмсақ ойыншық тауықты көрсету): жүні майда, айдары бар, тұмсығын, қанатын созып көрейік, ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен. Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді. Мынау қанаты, қанатының астында қауырсындары болады.
3. Ғажайып сәт.
Қауырсынды көрсете отырып, қауырсын туралы түсіндіріледі.
Қауырсын жеңіл, үлпілдек
Қауырсынға үрлесек, ұшады деп, үрлеуді көрсете отырып, балалардың өздеріне үрлетіп ойнауды ұсыну.
4. Сергіту сәті.
Балаларға осындай балапандарды қағаздан жасауға болатынын айтып, оның жасалу жолын жасау арқылы көрсету.
Тәрбиеші әр балаға балапан жасау үшін үлкен және кіші сары түсті төртбұрыш қағаздарды таратып береді.
Кіші төртбұрыш - балапанның басы, ал үлкен төртбұрыш - денесі болады деп, саусақтармен басып, умаждап жасау.
- Ал, енді, балалар, ойын ойнайық.
Тәрбиеші тауықтың, ал балалар балапандардың бет перделерін киіп,
(тауықтың дауысын салу, жем шоқу, су ішу, қанаттарын қағу).