Сыныптан тыс шара тақырыбы: Озық ойлы оқушы
Сыныптан тыс шараның мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға информатика және математика пәндерінің тығыз байланыстылығын ұғындыра отырып, оқушылардың білімдерін нығайту, көтеру, өткен материалдар бойынша білімдерін ойын түрінде салыстыру және оқушыны өзін - өзі бағалауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау, есеп шығара білу қабілеттерін дамыту, практикалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және оқушыларды еркін сөйлеуге, өзінің білігі мол екенін дәлелдеуге, пікірлерін ортаға еркін сала білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, өз бетімен ізденуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, компьютерлік сауаттылыққа, АКТ құзіреттілігіне, шапшаңдылыққа, өзін - өзі бағалауға, заман ағымына ілесе алатын құзіретті жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Сыныптан тыс шараның түрі: Сайыс
Сыныптан тыс шараның өту әдісі: оқушының өзін - өзі бағалау,
сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау әдістері
Көрнекілік: сұрақ тапсырмалар, бағыттау парағы, ортақ бағалау
парағы, нақыл сөздер, мадақтау қағаздары,
плакаттар, слайдтар, компьютер, графопроектор, экран, видеопроектор.
Пәнаралық байланыс: Информатика, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих.
Сыныптан тыс шараның өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Сайыс кезеңі
3. Қорытындылау
I. кезең Кім шешен?
II. кезең Білімділер сөйлесін
III. кезең Топ басшылары сөйлейді.
IV. кезең Қорытындылау
1. Озық ойлы оқушыны жариялау.
2. Озық ойлы топты жариялау.
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Сан ұғымы – математикадағы сияқты информатиканың да іргелі негізі.
Егер математика сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлетін болса,
Информатика сандардың берілу әдістерінің маңызы ерекше, өйткені солар ғана жадының қажет ресурсін, есептеу жылдамдығы мен қателіктерін айқындайды.
2. Сонымен информатика мен математика ғылымдарының бірігуімен
құрылған интеллектуалды сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің сайысымыздың кезеңдері төмендегідей:
I. Кезең Кім шешен?
II. Кезең Білімділер сөйлесін
III. Кезең Топ басшылары сөйлейді
IV. Кезең Қорытындылау
1. Озық ойлы оқушыны жариялау
2. Озық ойлы топты жариялау
I. Кезең Кім шешен?
Әрбір топ тапсырмаларын алып, өзара ақылдасып дайындалған соң бір
оқушы жауап береді. Барлығы жауап берген соң әрбір оқушы өзінің бағыттау парағындағы Ең жақсы сөйлеуші жолына оқушылардың ішінен жауапты неғұрлым қызғылықты, дұрыс, нақты, толық берген деп ойлайтын оқушы нөмірін анықтап жазады.
А тобы:
1. Есептеуіш машина түрлері: (4 - үлкен, мини, микро ЭЕМ - дар, ДК - лер.)
2. Дербес компьютердің негізі: (микропроцессор)
3. Атқаратын қызметтері бойынша компьютерлерді жікте (3 – тұрмыстық, жалпы, кәсіби мақсаттағы)
4. ДК – ді өлшем типтері бойынша жікте (2 - станциоарлық стол үстінде тұратын компьютерлер , тасымалданатын LAPTOP - тізелік, NOTEBOOK - компьютер - блокнот, HANDHELD - қол комьютері)
Б тобы:
1. Процессордың негізгі бөліктері: (арифметикалық - логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері)
2. Ішкі жад түрлері: (тұрақты және жедел жадтайтын құрылғы)
3. Сыртқы жад түрлерін ата: (дискілер, дискета, т. б.)
4. Шина разрядтылығы неге тәуелді? (ондағы сымдар санына)
В тобы:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не? ( компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын программа)
2. Операциялық жүйені жікте: (1 - бірмінтетті және көпмінтетті, 2 - бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын, 3 - командалық және графикалық көптерезелі интерфейс)
3. Командалық пен графикалық көптерезелі интерфейс операциялық жүйелерінің айырмашылығы неде? (командалық - пайдаланушы пернетақтадан мәтіндік жол түріндегі командаларды тереді, ал ГКИож - пайдаланушы мауспен менюдің керекті командасын таңдайды да қажет батырманы шертеді)
4. WINDOWS - ты баптау дегеніміз не? (терезелердің түстерін өзгертуге, үстел бетіндегі өрнекті таңдап алуға, команда мәтінінің қаріп өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге, маусты жылжыту жылдамдығын тағайындауға, үстел бетіне пайдаланушының өзі салған суретті орналастыруға, қондырманы тағайындауға болады).